Сенбі, 23 Қараша 2024
46 - сөз 7170 5 пікір 8 Ақпан, 2016 сағат 11:57

ПСИХОЛОГТАРҒА ПСИХОЛОГ КЕРЕК

Iшер ас, киер киiмге жарымай, шиеттей балаларын мектепке жiбере алмай қиналып, шықпа, жаным, шықпамен жертөледе күнелтiп жүрген жезқазғандық Ана шарасыздықтан бip телебағдарламаның тiкелей эфирiне қоңырау шалып, бар жағдайын жылап жеткiзiп, одан шығудың жолын сұрауда. Содан студия қонағы боп келген бipнеше сала мамандарының iшiнен психологтың әлгі айелге "кеңесi":

- Мен сiздi өте жақсы түсiнiп отырмын. Көп таусыла бермеңіз, сiз балаларыңызға керексіз. Таза ауада серуендеп, тауға шығып, дүкенге барып, өзіңiзге жаңа көйлектер сатып алыңыз. Сонда көңілiңiз көтеріледі...

Егер оның "жаңа көйлектер сатып алып", тау-тас жағалайтын шамасы болса, көмек сұрап несi бар?

Осы КЕЙБІР психологтардың өзiне психолог керек-ау.

Әлгінiң жауабы "Өмірде махаббат бар ма, жоқ па?" деген сұраққа "Махаббат барға бар, жоққа жоқ" деп жауап беретiн интермедиядағы психолог кемпipдi ерiксiз еске түсipдi.

Айтпақшы, "Шаншардағы" "Үйiмдi су алып кеттi, шатырда отырмыз, ашпыз!" деп ашынған айелге, "Аш болсаң балық аулап же, нанға варенье жағып же, судың жағасынан үй салып нең бар?!" деген әкiмнiң жауабына да ұқсап кеттi...

Гүлжазира Ертасова

Facebook-тегі парақшасынан

5 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1472
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3248
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5434