Жексенбі, 22 Желтоқсан 2024
Жаңалықтар 6752 0 пікір 29 Қаңтар, 2016 сағат 18:17

САЙТЫМЫЗҒА САЙЛАУАЛДЫ ҮГІТ МАТЕРИАЛДАРЫН ОРНАЛАСТЫРУ ШАРТТАРЫ

«Abai.kz» ақпараттық порталының (бұдан ары – Сайт)  меншік иесі – «Абай-ақпарат».  «Абай ақпарат» қазақ интернет кеңістігін дамыту қоры» Қоғамдық Қоры.

«Abai.kz» ақпараттық порталы 2009 жылдың 15 сәуір күні құрылған. Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 қыркүйектегі «Қазақстан Республикасындағы сайлаулар туралы» Конституциялық заңына және Қазақстан Республикасы Президентінің 2016 жылғы 20 қаңтардағы Жарлығына сәйкестікте 2016 жылдың 20 наурызында өтетін Қазақстан Республкасы Парламенті Мәжілісіне кезектен тыс сайлауға қатысу үшін партиялық тізімдер ұсынған және тіркелген, Қазақстан Республикасы парламенті Мәжілісіне депутаттықтан үміткерлерді (бұдан ары – саяси партиялар), облыстық, қалалық және аудандық мәслихаттар депутаттығынан үміткерлерді сайлауалды үгіт материалдарын орналастыру үшін басылым алаңдарын беру шарттары мен тәртібі жөнінде, төлем мөлшері туралы хабарлаймыз.

Сайлауалды үгіт 2016 жылдың 20 ақпанында бастап сайлаудың алдыңғы күні аяқталады. Яғни Сайтта сайлауалды үгіт материалдарын орналастыру 2016 жылдың 18 наурызына дейін созылады.

Сайлауалды үгіт материалдарын орналастыру үшін интернет алаңдарын берудің жалпы шарттары мен тәртібі:

Сайттан интернет алаңдарын беру партиялық тізімдерді ұсынған саяси партиялардың сенімді өкілі арасында үгіт-насихат материалдарын орналастыруға арналған басылым алаңын беруге жасалған келісмшарт негізінде жүзеге асырылады. Сайттан алаң беру үшін саяси партиялық тізім ұсынған сенімді тұлғасы Сайттың меншік иесіне келесі ақпараттарды көрсете отырып, жазбаша өтінішпен шығады:

1)      партиялық тізімді ұсынғанын дәлелдейтін құжаттың көшірмесі; 
2) саяси партияның уәкілетті өкілінің құзіретін дәлелдейтін құжаттың көшермесі; 
3) үгіттік материалдардың түрі, алатын алаңының жоспарланған көлемі көрсетілген жазбаша өтініш мазмұны;
4) өтініш беруші саяси партияның уәкілетті өкілінің жеке бас куәлігінің көшірмесі;
5) жазбаша өтініш берген сенімді тұлғаның қолы.

Сайтқа жазбаша өтініш осы Ақпараттық хабарлама негізінде 2016 жылдың 22 ақпанынан бастап 2016 жылдың 17 наурызына дейін, демалыс және мереке күндерін қоспағанда, күн сайынғы сағат 09-00-ден 18-00-ге дейін Қазақстан Республикасы, Алматы  қаласы,  Уәлиханов көшесі, 64/47 үй, 6 қабат, 609 офис мекенжайы бойынша қабылданады.

Жарияланымдарда қаржыландыру көздері, олардың төленуі туралы ақпараттар болуға тиісті.

Баспалық материалдарды орналастырудың кезектілігі жазбаша өтіншітердің келіп түсу реттілігіне байланысты сайттың меншік иесімен белгіленеді. Бірнеше саяси партия атынан жазылған өтініштер бір мезетте түскен жағдайда Сайт тарапынан дәл сол күні жеребе өткізіледі. Жеребеге баспалық материалдарды орналастыру кезектілігіне таласушы саяси партиялардың уәкілетті өкілдері мен таластың тәуелсіз тарабы ретінде БАҚ өкілі қатысады. Саяси партиялардың әрбір уәкілетті өкіліне ішінде интернет материалды орналастырудың мерзімі көрсетілген, мөрленген конвертті таңдау ұсынылады. Конверттер саны таласқа қатынасушыларың санымен тең болады. Жеребе аяқталғаннан кейін таласқа қатынасушылар мен БАҚ өкілі жеребе хаттамасына қолдарын қояды. Жеребе нәтижесі (хаттаманың көшірмесі) тиісті сайлау комиссиясына тапсырылады.

Үгіттік баспа материалдарын берудің тәртібі:

Сайтқа үгіттік баспа материалдары мақала жарық көретін датаға 1 (бір) күнтізбелік күн қалғанға дейін модульдер немесе мақалалар түрінде тапсырылуға тиісті.
Сайтқа берілген материалдарда конституциялық құрылысты күштеп өзгертуге, Республиканың тұтастығын бұзуға, мемлекеттің қауіпсіздігін бүлдіруге, әлеуметтік, нәсілдік, ұлттық, діни, таптық және рулық алауыздық тудыруға, сондай-ақ заңмен қарастырылмаған және заңмен қарастырылған тағы басқа да негіздерде әскерилендерілген құрылымдар құру идеялары көрініс берген жағдайда үгіттік интернет материалдарын орналастырудан бас тартуға құқылы.
Сайт саяси партиялардың абыройы мен қадір-қасиетіне немесе іскерлік беделіне нұсқан келтіретін ақпараттар болған жағдайда үгіттік интернет материалдарын орналастырудан бас тартуға құқылы.
Осы ақпараттық хабарламада көрсетілген интернет алаңдарын берудің шарттары мен тәртібі уәкілетті органдардың талабына сай түзетілуі мүмкін.

Сайт  алаңдарын төлеудің тәртібі мен мөлшері:

Үгіттік материалдарды орналастыруға арналған интернет алаңдарының бағасы:

1. abai.kz сайтында – 100х100 пиксель көлеміндегі алмаспайтын баннер орналастыру, ҚҚС-мен 5 000,00 теңге;

2.abai.kzсайтында мақала жазу (белгі көлеміне шек қойылмайды) ҚҚС-мен 150 000,00 теңге;

Төлем сайт меншік иесінің банктік реквизиттері интернет алаңын беру жөніндегі тиісті келісімшартта немесе есепшотта көрсетілген реквизиттеріне төленеді.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

46 - сөз

Тибет қалай Тәуелсіздігінен айырылды?

Бейсенғазы Ұлықбек 1963