Сейсенбі, 1 Сәуір 2025
Жаңалықтар 4068 0 пікір 29 Қаңтар, 2016 сағат 11:41

Исламабадта Кабулдың тәлібтермен келіссөздері талқыланады

Пәкістанның сыртқы істер министрлігі Ауғанстан, Пәкістан, Қытай және Құрама Штаттардың өкілдері Кабул мен «Талибан» қозғалысының арасындағы келіссөздерді жалғастыру мәселелерін талқылайтындарын хабарлады.

Министрліктің баспасөз хатшысы Кази Халиулла ақпанның 6-на Исламабадта жоспарланған кездесуде Ауғанстандағы қақтығысты бейбіт жолмен шешу жоспарын келісудің көзделгенін айтты. Бұл соңғы бірнеше апта ішіндегі осындай үшінші кездесу болмақ.

Халиулла осы мәселелерді шешу үшін ел премьер-министрі Наваз Шарифтың жақында Катарға жол жүретінін хабарлады. Дегенмен сапар мақсаты туралы дерек берілмеді.

Пәкістан СІМ мұндай хабарды бірнеше күн бұрын «Талибан» қозғалысы алдағы келіссөздерде өздерінің атынан тек Катардағы «саяси өкілдігі» сөйлей алатынын мәлімдеген соң таратып отыр.

Abai.kz


0 пікір

Үздік материалдар

Азамат

Қайраулы қара семсер

Есболат Айдабосын 251
Болған оқиға

Тілендиев неге Таразидың құлағын қыршып алды?

Төреғали Тәшенов 324
Анық-қанығы

Еуропаға Ресей аумағынсыз шығу жолы

Асхат Қасенғали 379
Алтын Орда

Бізге беймәлім Барақ хан

Жамбыл Артықбаев 235