Жұма, 22 Қараша 2024
46 - сөз 5563 0 пікір 28 Қаңтар, 2016 сағат 13:06

"МАМОЧКИ"

Автобус іші. Аялдамадан сұңғақ бойлы жігіт мінді. Қара пальтоға үйлесе кеткен заманауи бас киім, қара көзілдірік, қара былгары колғабты жігітке қарсы орындықтағы қыз көзінің астымен қарап қойды.

Сымдай тартылған сұңғыла бойға жарасқан тамаша талғамның ар жағын сұлу ой мекен етіп, өткір қара көзде жасын ойнап, қақпақтай жауырынның ар жағында жігіттік жігер жасырынып тұрғандай көрінді...

Автобус бұрыла бергенде әлгі жігіттің белі оқыс бұраң етіп құлай жаздап "мамочки" деп шәңк етті де, аялдамадан түскен атаның орнына отыруға оқталған жол сөмкелі егде әйелді қағып барып, былш етіп отыра қалды. Сымдай тартылған сұңғыла бойлы жігіт көз алдымда аласарып кеткені... Қымбат кейіпті, арзан адамға алданбайықшы, құрысын!

Құралай Сейсенбекқызы

Facebook-тегі парақшасынан

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1464
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3230
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5322