Сейсенбі, 1 Сәуір 2025
Жаңалықтар 4373 0 пікір 28 Қаңтар, 2016 сағат 12:41

СИРИЯ ОППОЗИЦИЯСЫНАН КЕЛІССӨЗГЕ ҚАТЫСУДЫ ТАЛАП ЕТТІ

АҚШ мемлекеттік департаменті Сирия оппозициясы Женевадағы бейбіт келіссөзге қатысудың тарихи мүмкіндігін жіберіп алмауы керек және ол жерге ешқандай талапсыз келулері қажет деп мәлімдеді.

"Оппозициялық фракцияға Женеваға келіп, соғысты келіссөздер жүзінде тоқтатуға үлес қосатын тарихи мүмкіндігі бар. Олар мұны ешбір талапсыз орындаулары қажет", - деді мемлекеттік департаменттің баспасөз хатшысы Марк Тонер.

Вашингтонда сөйлеген сөзінде Тонер "сириялық оппозиция бұл мүмкіндікті пайдаланып, Башар Асад жүйесінің келіссөзге қаншалықты дайын екенін тексеріп, кикілжіңде қай тараптың шын мәнінде Сириядағы жағдайдың бейбіт саяси кезеңге өтуге ниетті екенін әлем алдында дәлелдеулері тиіс",- деп атап өтті.

Соңғы екі жылдан бері Сириядағы азаматтық соғысты тоқтату жөнінде өткелі жатқан бірінші келіссөздің болуының өзі мәселе болып тұр. Себебі сәрсенбі күні оппозиция егер БҰҰ олардың азаматтық аудандарға шабуыл жасауды тоқтату жөніндегі талаптарына жауап бермесе, келіссөзге қатыспайтындықтарын мәлімдеді. 

Сирия үкіметі 29 қаңтарда Женевада белгіленген келіссөзге қатысуға келісімдерін берді. Бес жылдан бері жалғасып келе жатқан Сириядағы азаматтық соғыста 250 мың адам қайтыс болған.

Абай-ақпарат

0 пікір

Үздік материалдар

Азамат

Қайраулы қара семсер

Есболат Айдабосын 276
Болған оқиға

Тілендиев неге Таразидың құлағын қыршып алды?

Төреғали Тәшенов 366
Анық-қанығы

Еуропаға Ресей аумағынсыз шығу жолы

Асхат Қасенғали 489
Алтын Орда

Бізге беймәлім Барақ хан

Жамбыл Артықбаев 266