Сейсенбі, 1 Сәуір 2025
Жаңалықтар 4262 0 пікір 28 Қаңтар, 2016 сағат 12:10

ТЕҢДІККЕ ЖЕТУГЕ ӘЛІ ЕРТЕ

Саяси теңдік пен мүмкіндік жөніндегі гендерлік алшақтықтың ғалам индексінде Қырғызстан 145 орыннан 76-орынға шықты. Бұл жөнінде Қырғызстанның Стратегиялық зерттеулер жөніндегі ұлттық институттың баспасөз қызметі мәлімдейді.

Бұл рейтіндіге Қырғызстан экономикалық қатысу және мүмкіндік бойынша 80-орынға шықса, білім алуда 81-орында тұр. Ал денсаулық сақтау мен күн көруде 79-орынды көрсетеді.

Гендерлік алшақтық жөніндегі индексте бірінші орында Исландия тұр, Ең соңғысы — Йемен. Беларусь Еуразиялық экономикалық одағы елдерінің көшін бастап 34 - орынға шыққан. Одан кейін Қазақстан (47), Ресей (75), Армения (105). 

Гендерлік алшақтық индексі (The Global Gender Gap Index) — әлемдегі ер мен әйел азаматтарының құқықтарының тең болуын зерттейді. Индекс төрт бөліктен тұрады: экономикалық қатысу, білім алу, денсаулық сақтау мен саяси теңдік және мүмкіндік.

Абай-ақпарат

 

0 пікір

Үздік материалдар

Азамат

Қайраулы қара семсер

Есболат Айдабосын 276
Болған оқиға

Тілендиев неге Таразидың құлағын қыршып алды?

Төреғали Тәшенов 358
Анық-қанығы

Еуропаға Ресей аумағынсыз шығу жолы

Асхат Қасенғали 485
Алтын Орда

Бізге беймәлім Барақ хан

Жамбыл Артықбаев 266