Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 3848 0 пікір 25 Қаңтар, 2016 сағат 09:46

МЫҢНАН АСТАМ ТӘЖІК СИРИЯ МЕН ИРАКТА СОҒЫСЫП ЖҮР

Тәжікстан президенті Эмомали Рахмон үкіметтің кеңейтілген отырысында өзіне түскен дерек бойынша, мыңнан астам тәжік азаматының «Ислам мемлекеті» террорлық тобына қосылып, Сирия мен Ирактағы әскери қимылдарға қатысып жатқаны туралы мәлімдеді.

Оның сөзінше, Сирия мен Иракқа Тәжікстаннан 146 отбасы көшіп кеткен және елдегі жоғарғы оқу орындарының 21 студенті солай қарай бет алған. Тәжікстан президенті елдің ішіндегі және сырттағы мешіттерде, діни мекемелерде, сонымен қатар интернетте  жастарды соғысқа елітудің жүріп жатқанына назар аударды.

Рахмонның айтуынша, тәжік жастарын терроршылар қатарына тарту Душанбе, Худжанд, Исфара, Истаравшан, Куляб, Шахритус, Бохтарда өсіп бара жатыр. Ол бұған ата-аналардың жауапсыздығын, жастарды спорт пен мәдениетке баулитын жағдайдың жоқтығын және білім беру, денсаулық сақтау салаларындағы кемшіліктерді кінәлады.

Бұған дейін Тәжікстан билігі «Ислам мемлекеті» қатарында елдің 500-ге жуық азаматы соғысып жатқанын хабарлаған еді. Алайда кейінірек интернетте пайда болған бейнежазбаның авторлары қатарларын толтырған азаматтардың саны билік айтқаннан әлдеқайда көп екенін және олардың әрекеті  Ирак пен Сириядағы ұрыстармен шектелмейтінін мәлімдеген болатын.

Тәжік билігі 2014 жылдың мамырында елдің Қылмыстық кодексіне елдің аумағынан тыс жерлердегі әскери қақтығыстарға қатысқаны үшін 15 тен 20 жылға дейін бас бостандығынан айыру туралы қылмыстық жаза бабын енгізді.

Абай-ақпарат

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1465
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3238
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5377