Сенбі, 23 Қараша 2024
Өз сөзім... 6418 0 пікір 24 Қаңтар, 2016 сағат 20:17

АТАМЕКЕНІМ ДЕП КЕЛГЕН ҚАНДАС МЕМЛЕКЕТ ІСІНЕ АРАЛАСУЫ КЕРЕК

 

Қазақстан Республикасы

Президенті Әкімшілігінің

Басшысы Н.З.НЫҒМАТУЛИНГЕ!

 

Құрметті Нұрлан Зайроллаұлы!

Өзіңіз жақсы білесіз, әлемдегі бар қазақтың жалғыз Отаны – Қазақстан!

Кешелі бері қандас бауырларыңыз Сізге хат жазып, алыстан оралған ағайындардан да келесі шақырылымда Мәжіліс депутаты болса екен деген өтініштерін айтып жатыр екен. Егер, бұл игі іс орындалатын болса, нұр үстіне нұр емес пе?! Соған байланысты, біз де өз тілегімізді жеткізгенді құп санадық. Қазақстаным, атамекенім деп келген қандас бауырларымыз да мемлекет шаруасына араласып, жұртына пайдалы істер тындырса, шын мәніндегі халық қалаулысы атанса, Алаш абыройы тағы бір асқақтай түсер еді деп ойлаймыз. "Алаш" демекші, кезіндегі Алаш ардагерлері халқы үшін ұшан-теңіз тірліктер атқарып кеткенін білесіз. Сол секілді, Қазақстанымызға оралған қаламгерлер мен ғалымдар, спортшылар мен  кәсіпкерлер, тағы басқа да қоғам ісінде белсенділік танытып жүрген бауырларымыздың депутат мандатына ие бола отырып, құрметті атты абыроймен алып жүретіндіктерін кәміл сенеміз.

Сондықтан да, Сізге шеттен келген ағайындарымыздың арасынан да үш-төрт депутат болса екен деген тілегімізді жеткізгіміз келеді.

Құрметпен,

Республикалық «Мәртебелі мамандық» журналының бас редакторы Ш.Әміржан,

Республикалық «Сақшы» газетінің журналисі Ғ.Ғалымбекұлы,

Республикалық «Шоқыр» спорттық журналының бас редакторы Б.Сегізбаев,

Тәуелсіз журналист Еркеғали Бейсенов.

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1470
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3245
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5408