Бейсенбі, 19 Қыркүйек 2024
Билік 4285 0 пікір 22 Қаңтар, 2016 сағат 10:11

БАӘ ИНВЕСТОРЛАРЫ БӘЙДІБЕК АУДАНЫНА КЕЛДІ

Біріккен Араб Әмірлігінен келген кәсіпкер Әл-Байдани Мохаммед Салех Хасан ОҚО Бәйдібек ауданы Шаян елді мекенін көркейту жұмысына инвестиция салмақ.  Халықтың салауатты өмір салтын қалыптастыруды ниет еткен шетел кәсіпкері 1 млн. 700 мың  АҚШ доллары көлемінде қаржы құюға аудандық әкімдікпен келісімге келді деп хабарлайды ОҚО әкімінің баспасөз қызметі.

Бәйдібекке жасаған сапарында аудан әкімі Б.Көшербай мен Әл-Байдани Мохаммед Салех Хасан мырза Шаян ауылындағы спорт және мәдени демалыс нысандарының құрылысымен танысып, меморандум негізінде бірқатар  инвестициялық  жобаларды жүзеге асыруға уағдаласты. Қос тараптың келісімі аясында аудандағы орталық саябақ пен орталық стадионды қайта құру, волейбол, баскетбол, гимнастика және шағын футболға арналған ойын алаңдарын орнату және жабық бассейн құрылысы жобаларын іске асыру көзделуде.

      Араб инвесторы қаржыландырған Ақбастау ауылдық округіндегі құс өсіру орталығына бүгінгі күнге дейін 3 млрд.  500 млн.  теңге шетел инвестициясы тартылып, онда қазіргі таңда 120 адам жұмыспен қамтылған.  2016-2017 жылдары жобаның үшінші фазасы жүзеге асырылып, тағы да 7 млрд.  теңге шетел  инвестициясын тарту жоспарлануда. Аудан әкімдігі мен құс өсіру орталығының басшылығы арасында жасалған келісім бойынша жобаны жүзеге асыру нәтижесінде, жаңадан ашылатын 400-ге жуық жұмыс орындарының 80 пайызына аудан тұрғындары орналасатын болады.  Сонымен қатар,  қосымша кіріс көздерін қалыптастыру үшін аталған құс орталығы аудандық мемлекеттік кірістер басқармасына салық төлеуші ретінде тіркелді.

Абай-ақпарат

 

  

 

0 пікір