Сенбі, 7 Маусым 2025
Жаңалықтар 4088 0 пікір 20 Қаңтар, 2016 сағат 10:05

ӘЙЕЛІНІҢ МҰРНЫН КЕСІП ТАСТАҒАН

Фарьяб провинциясындағы бір ауылдың тұрғыны әйелінің мұрнын кесіп алған.

Кемтар боп қалған әйелдің суреті елдің наразылығын тудырып отыр. Белсенділер кінәлі еркекті жазалауға шақыруда. Провинция орталығы Маймане қаласындағы аурухана қызметкерлері 22 жастағы Реза Гулдың қаңтардың 18-де жеткізілгенін хабарлады. Қазір әйелді әрі қарай емдеу үшін Түркияға жөнелту жағы ұйымдастырылуда.

Оның 25 жастағы күйеуі ауылдан қашып кеткен. Әйелге қатысты зорлық-зомбылық Ауғанстанда кең таралған. Аталған қылмыс тіркелген провинцияның құқық қорғаушылары соңғы жылдары мұндай жағымсыз жайттың бірнеше есе көбейіп кеткенін айтады.

Абай-ақпарат

0 пікір