Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 13518 0 пікір 18 Қаңтар, 2016 сағат 05:47

1 НАУРЫЗ - АЛҒЫС АЙТУ КҮНІ БОЛЫП ЖАРИЯЛАНДЫ

Елбасы Жарлығымен 1 наурыз - Алғыс айту күні болып жарияланды.
Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасындағы кәсiптiк және өзге де мерекелер туралы» Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1998 жылғы 20 қаңтардағы № 3827 Жарлығына өзгеріс пен толықтыру енгізу туралы» Жарлыққа қол қойды. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлайды.

«Қазақстан Республикасындағы кәсiптiк және өзге де мерекелер туралы» Қазақстан Республикасы Президентiнiң

 1998 жылғы 20 қаңтардағы № 3827 Жарлығына өзгеріс пен толықтыру енгізу туралы

«Қазақстан Республикасындағы мерекелер туралы» 2001 жылғы 

13 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңының 4-бабына сәйкес                    

ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:

1. «Қазақстан Республикасындағы кәсiптiк және өзге де мерекелер туралы» Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1998 жылғы 20 қаңтардағы 
№ 3827 Жарлығына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1998 ж., № 1, 
1-құжат) мынадай өзгеріс пен толықтыру енгізілсін:

жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Қазақстан Республикасындағы кәсiптiк және өзге де мерекелердің тізбесінде:

1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«1. Алғыс айту күні - 1 наурыз»;

мынадай мазмұндағы 1-1-тармақпен толықтырылсын:

«1-1. Геолог күні - сәуірдің бірінші жексенбісі».

2. Осы Жарлық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

 

Қазақстан Республикасының  Президенті Н.Назарбаев

Астана, Ақорда, 2016 жылғы 14 қаңтар

 № 173

Абай-ақпарат

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1490
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3257
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5534