Бейсенбі, 31 Қазан 2024
Жаңалықтар 3775 1 пікір 15 Қаңтар, 2016 сағат 09:36

ҮНДІСТАНДА ӨЗБЕК БИШІСІН ҰРЛАП КЕТТІ

27 жастағы Өзбекстан азаматшасы Шахноза Шукурова Үндістан астанасы Делиде 2015 жылы қыркүйектің 24-де жоғалып кеткен.

Оның туыстары жас қызды адам саудасымен айналысатындар ұрлап кетуі мүмкін деп санайды.

Жоғалған биші қыздың әпкесі Надира Саидтың айтуынша, шамамен бір жарым жыл бұрын оның сіңлісі Шахноза Атаджанова есімді Өзбекстан азаматшасын адам саудасымен айналысатындардың қолынан кездейсоқ құтқарып қалған. Қызды пәтеріне әкеп тұрғызып, біраз ақша берген. Надира Саидтың айтуынша, бұл туралы білген қылмыскерлер жас бишінің ізіне түскен. Надира Саид біраз уақыт өткен соң, Атаджанованың көмегімен сіңлісін көшеге алдап шығарып алғандар ұрлап кетті деп санайды. Оның айтуынша, адам ұрланғанын Тритам есімді таныс такси жүргізушісі көргенімен, полицияға ештеңе айтпаған. 

Бала кезінен бимен шұғылданған Шахноза Шукурова 2008 жылдан бастап, Өзбекстан үкіметі ұйымдастыратын шараларға қатысу үшін Үндістанға жиі шыға бастаған. Нью-Дели полициясы мен өзбек дипломаттары  Шахноза Шукурованың жоғалғаны туралы білгенімен, әзірге оның қайда екеніне қатысты ештеңе айта алмай отыр.

Абай-ақпарат

1 пікір