Бейсенбі, 31 Қазан 2024
Жаңалықтар 3301 0 пікір 15 Қаңтар, 2016 сағат 09:33

ҚЫРҒЫЗДАР РЕСЕЙДЕ БІР АЙ ҒАНА ТІРКЕУСІЗ ЖҮРЕ АЛАТЫН БОЛДЫ

Қырғызстан азаматтары Ресей аумағында бұдан былай тіркеусіз 30 күн ғана жүре алады.

Бұрын ондай мерзім 90 күнге тең еді. Бұл туралы Қырғызстанның мемлекеттік тіркеу қызметінің өкілі хабарлады.

Баспасөз қызметінің дерегінше, 2015 жылы маусымның 19-да қол қойылған Ресей мен Қырғызстан арасындағы азаматтардың екі ел аумағында жүріп-тұру тәртібі туралы келісімге сәйкес тіркеусіз жүру мерзімі 90 күннен 30 күнге қысқарды. Соған сәйкес РФ азаматтары да Қырғызстан аумағында тіркеусіз 30 күн жүре алады. 

Абай-ақпарат

0 пікір