Бейсенбі, 31 Қазан 2024
Жаңалықтар 3072 0 пікір 15 Қаңтар, 2016 сағат 09:31

АСТАНАДА "ИНВЕСТОРЛАРҒА АРНАЛҒАН ТЕРЕЗЕ" ПАЙДА БОЛДЫ

Астананың қызмет көрсету орталығында құжат рәсімдеуді оңайлататын, инвесторларға арналған «терезенің» тұсаукесері болды.

Елдің инвестициялар мен даму жөніндегі министрі Әсет Исекешев жаңа қызмет түрін таныстырып тұрып, оның инвесторларға шаруасын «бір терезеде» бітіруге мүмкіндік беретінін айтты.

«Енді инвестор мемлекеттік органдарға бармай-ақ, қызмет көрсету орталығында 350 қызмет түрін бір ғана жерден алатын болады. Жұмысшыларға рұқсат алу, барлық лицензия түрі, жер, құрылыс және тағы басқа сұрақтармен бұрын ондаған министрлік, әкімдікке кіріп шығу керек еді», –деді Исекешев.

Ол сонымен бірге, министрлікке күн сайын бестен онға дейін инвестор  хабарласатынын айтты. Құжаттар олардың күрделілігіне қарай бір күннен үш айға дейінгі мерзімде рәсімделеді.

Абай-ақпарат

0 пікір