Бейсенбі, 31 Қазан 2024
Жаңалықтар 3169 0 пікір 15 Қаңтар, 2016 сағат 09:19

ТҮРКИЯ ИМ ШЕПТЕРІНЕ СОҚҚЫБЕРДІ

Түркия Германиядан келген 10 саяхатшының өмірін жалмаған осы аптада болған Стамбулдағы жарылыстан соң, Ирак пен Сириядағы «Ислам мемлекеті» экстремистік тобының шептерін бомбалағанын хабарлады.

Түркияның премьер-министрі Ахмет Давлотоглуның айтуынша, түрік қарулы күштері соңғы 48 сағатта ИМ-нің 500 нысандарына зеңбіректен және танктен оқ жаудырған. Нәтижесінде ИМ-нің 200-ден астам мүшесі қаза тапқан.  Түркияның премьер-министрі содырлар Түркиямен шектесетін аудандардан «белгілі бір қашықтыққа» шегіну үшін әуеден де соққы жасайтындарын мәлімдеді.

Түрік жойғыш ұшағы ресейлік бомбалаушы ұшақты атып түсіргелі бері, бұл елдің әскери ұшақтары Сирияның әуе кеңістігіне кірмеген еді.

Абай-ақпарат

0 пікір