Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 3152 0 пікір 14 Қаңтар, 2016 сағат 09:49

ТӘЖІКТЕР ТУЫСТАРДЫҢ НЕКЕЛЕСУІНЕ ТИЫМ САЛМАҚ

Тәжікстан парламенті қаңтардың 13-де Отбасы кодексіне осындай өзгерістер енгізуді мақұлдады.

Ол бойынша, туыстар арасындағы некеге тыйым салу және отбасын құру алдында міндетті түрде дәрігерлік тексеруден өту қарастырылған.

Заң жобасымен таныстырған Тәжікстанның денсаулық сақтау және тұрғындарды әлеуметтік қорғау министрі Нусратулло Салимзода толықтырулар биылғы жылдың шілдесінен бастап күшіне енетінін мәлімдеді.

Министрдің есебінше, елде тіркелген 18 жасқа дейінгі 25 мың 328 мүгедек баланың 30-35 пайызы туыстық некеден туғандар.

Абай-ақпарат

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1482
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3253
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5475