Сенбі, 23 Қараша 2024
Қоғам 4518 0 пікір 14 Қаңтар, 2016 сағат 08:56

CАЙЛАУ ӨТКІЗУДІ ДЕПУТАТТАРДЫҢ БАРЛЫҒЫ ҚОЛДАП ОТЫР

Мәжіліс депутаттары мерзімінен бұрын Парламент сайлауын өткізу туралы бастаманы бірауыздан қолдады, - деп хабарлайды Абай-ақпарат.

ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттары отырыс барысында мерзімінен бұрын парламент сайлауын өткізу туралы бастаманы бірауыздан қолдады. 

 

Отырысқа қатысқан 103 депутаттың барлығы бірауыздан бастаманы қолдап дауыс берді.

«Елдегі экономикалық ахуалдың өршуіне байланысты кезектен тыс сайлау өткізу туралы шешім қабылданып отыр. Тарихи кезеңге аяқ басқалы жатқанда, біз елді жаңғырту мен барлық бағыт бойынша президенттік реформаларды жүзеге асыруды бастаймыз, 2016 жылдың соңына дейін күте алмаймыз. Сол себепті Парламент Мәжілісі мен мәслихат депутаттарын сайлап алуды ұйғардық. Біз үшін әр күніміз қымбат», - деді «Нұр Отан» партиясының атынан Нұрлан Әбдіров.

Дағдарысқа қарсы шараларды тиімді жүзеге асыру үшін халықтың бірлігі мен ынтымағы керек. 

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1475
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3249
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5458