Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 3873 0 пікір 13 Қаңтар, 2016 сағат 13:43

ӨЗГЕШЕ ОЙЛАЙТЫНДАРҒА ҚЫСЫМ ЖАСАУДЫ ТОҚТАТУДЫ СҰРАДЫ

«Халықаралық дағдарыс тобы» (ICG) Душанбені елдегі өзгеше ойлайтындарға қысым жасауды тоқтатуын сұрады.

Тәжікстан билігіне айтылған ұсыныстар ICG-дің баяндамасында «Тәжікстанға ескерту: ішкі қысым мен сыртқы қатер» деген атаумен көрсетілген. Онда Тәжікстан Орталық Азиядағы кедей мемлекет екенін, ішкі және сыртқы қысымға тап келуі мүмкіндігін ескертеді. Баяндаманың авторлары Эмомали Рахмон билік еткен 23 жылдың ішінде биліктің зомбылығы күшейіп, жауапкершілігі жоғалған, коррупция мен жаппай миграция етек алған деп жазады. «Кірістің негізгі бөлігі ақша аудару мен есірткінің заңсыз айналымы», - делінген баяндамада. ICG Тәжікстандағы Исламның өркендеуі партиясына енгізілген тыйым әрі оны террористік ұйым деп жариялауы биліктің еліндегі плюрализмді сыйламауы деп есептейді.

Абай-ақпарат

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1475
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3249
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5458