Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 3877 0 пікір 13 Қаңтар, 2016 сағат 13:41

ТҮРКІМЕНСТАН БАНКТЕРІ ВАЛЮТА САТУДЫ ТОҚТАТТЫ

Түркіменстан банкілері конвертацияланатын валюта сатуды тоқтатты.

Бұл елде алда жаңа девальвация болуы мүмкін деген қауіп тудырып, қара базарда доллар бағамының күрт қымбаттауына әкеліп соқтырды. Ашқабадтағы банк қызметкерлері тұтынушыларына доллар мен басқа да шетел валюталарын сату мен сатып алуға салынған тыйым мерзімі шексіз екенін хабарлаған. Негізінен табиғи газ экспорттайтын Түркіменстан 2015 жылдың 1 қаңтарында өз валютасы манатты девальвациялаған соң оның құны 19 пайызға арзандаған. Елде тағы да девальвация болуы мүмкін деген қауесет тарап, ол ақша айырбастау пунктерінде дүрбелең тудырды. Елде барлық банктерде тұрғындар кезекте тұрғаны жайлы хабарлар тарады. Associated Press агенттігінің хабарлауынша, 12 қаңтарда қара базарда доллар құны 4 манаттан 4,2 манатқа қымбаттаған.

Абай-ақпарат

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1475
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3249
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5458