Сәрсенбі, 30 Қазан 2024
Жаңалықтар 3200 0 пікір 12 Қаңтар, 2016 сағат 11:15

СТИВЕН СИГАЛ СЕРБИЯ АЗАМАТТЫҒЫН АЛДЫ

Америкалық актер, кинопродюсер, сценарист және шығыс күресі өнерінің шебері Стивен Сигал серб азаматтығын алды.

Сербия үкіметінің дүйсенбі күні таратқан мәлімдемесінде шешім Сигалдың соңғы екі сапарынан кейін қабылданған. Ол Сербияға барған сапары кезінде серб үкіметінің қызметін жоғары бағалап, өзінің серб азаматы ретінде сезінетінін айтқан.

Сигал серб полицейлеріне арнап, Белградтан айкидо мектебін ашу жөнінде ұсыныс білдірген.

Батыс ақпарат агенттіктерінің мәліметінше, Сигалдың Сербияға сапарын ресейшіл серб ұйымы қаржыландырған.

Батыс пен Мәскеудің көзқарасы қайшы болғанына қарамастан, Стивен Сигал — Ресей президенті Владимир Путинді қолдайтын батыстық жұлдыздардың қатарында.

Сербия Еуропалық Одаққа кіруге ұмтылады. Алайда оларға ресейшіл ұлтшылдардың кедергілерінен өтуге тура келеді.

Абай-ақпарат

0 пікір