Сенбі, 23 Қараша 2024
Деп жатыр 7062 0 пікір 12 Қаңтар, 2016 сағат 11:14

АНДЖЕЛИНА ДЖОЛИ КҮЙЕУІНЕ АЙТПАЙ ЖЕТІНШІ БАЛАНЫ АСЫРАП АЛДЫ

Анджела Джоли күйеуі, актер Брэд Питтан жасырын камбоджалық кедей отбасынан шыққан бір жасар Аллоя есімді ұл баланы асырап алды.

Бұл туралы Росбалттың RadarOnline басылымына сілтеме жасап хабарлағанынҚазақпарат жазды.

Басылым сілтеме жасаған дереккөз асырап алу «құпия әскери операцияны еске салды» деп пайымдайды, өйткені Джолидің күйеуі онсыз да үлкен отбасын одан әрі кеңейтуге құштар болмаған.
Қазіргі кезде жұлдызды ерлі-зайыптылар бала асырап алу туралы ақпаратты әзірге қуаттаған жоқ. Олардың отбасында Аллоядан басқа, алты бала: 14 жастағы Мэддокс, он жастағы Захара, тоғыз жастағы Шайло, 12 жастағы Пакс және жеті жасар егіздер Нокс пен Вивьен тәрбиеленуде.

Аллояның туыстары Сием-Рип қаласының лашықтарында тұрып жатыр, онда Джоли 1975-1978 жылдарда «қызыл кхмерлер» режимі кезіндегі ел халқына жасалған зұлмат жөнінде баяндайтын камбоджалық жазушы Лунг Унгтің «Алдымен олар әкемді өлтірді: Камбоджа қызының естеліктері» кітабы бойынша түсірілген өзінің «Алдымен олар менің әкемді өлтірді» фильмін түсірген болатын.
Бұл картинаны Netflix кинокомпаниясы түсірді, сценарийін Джоли Лунг Унгпен бірлесіп жазды, ал продюсерлері Джолидің өзі мен камбоджалық режиссер Рити Пан. Картинадағы рөлдердің бірін Камбоджада туған Джолидің асырап алған ұлы 13 жасар Мэддокс ойнады.

Анджела Джоли 13 жылдан астам уақыт бойы БҰҰ-ның босқындар ісі жөніндегі жоғарғы комиссариатында Ізгі ниет елшісі болып келеді. Осы жылдар ішінде ол Камбоджадағы, Анголадағы, Ингушетиядағы (Ресей), Осетиядағы (Ресей), Иорданиядағы, Ирактағы, Испаниядағы, Пәкістандағы, Ауғанстандағы, Гаитидегі, Тунистегі және басқа елдердегі босқындар лагерлерінде болды.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1472
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3248
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5434