Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 3008 0 пікір 12 Қаңтар, 2016 сағат 11:01

РЕСЕЙ СИРИЯДАҒЫ МЕКТЕПТІ АТҚЫЛАДЫ ДЕП АЙЫПТАЛУДА

Сирияда Алепподан 15 шақырым қашықтықта орналасқан Айн-Жара қаласындағы мектепте болған әуе соққыдан 12 бала қаза тапты.

Бұл жөнінде адам құқықтарын қорғайтын Сириялық мониторинг жасау орталығына сілтеме жасап Reuters агенттігі хабарлады. Құқық қорғаушылар мектепке шабуыл жасаған Ресей жойқын ұшағы болуы мүмкін дейді.

Дүйсенбі күні Ресейдің Басштабында 2016 жылдың алғашқы 11 күнінде ресейлік жойқын ұшақтар Сирия аймағындағы мыңдаған нысанға (оның ішінде Алеппо провинциясы да бар) бомба лақтырғаны хабарланды.

Басштабтың шұғыл басқармасында әуе соққы тек ғана «Ислам мемлекеті» көтерілісшілеріне қарсы жасалғаны, террористер техникасы мен әскер санынан айырылып жатқаны айтылды.

Желтоқсан айында Amnesty International халықаралық құқық қорғау ұйымы баяндамасында Сирияда 2015 жылдың күзінде ресейлік әуе соққыдан 200-ге жуық бейбіт тұрғынның қайтыс болғанын жариялаған еді. Мұнан бөлек тұрғын үйлер, мешіт, базар, және ауруханалар жойылған. Құқық қорғаушылар бұл соққылар халықаралық гуманитарлық құқықтарға қайшы келетінін мәлімдеді. Ресейге қарсы осындай айыппен Human Rights Watch ұйымы да мәлімдеді.

Ал Ресейдің қорғаныс министрлігі құқық қорғаушылардың ақпаратын «жалған» деп отыр.

Абай-ақпарат

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1472
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3248
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5435