ЖЫНДЫХАНА
Бір жынды бір саусақтарын біртіндеп кесіп, форточкадан сыртқа лақтырып жатқан көрінеді. Палатадағы кейбір жындылардың үрейі ұшып кеткен, кейбірі жаны ашып қарап тұр. Кейбірі ештеңеге түсінбей аң-таң болып, ауыздары ашылып отыр.
Әлгі жынды бір қолының саусақтары біткен соң, аяғының башпайларын кесіп, сыртқа лақтыра бастайды.
Сөйтсе, бір жынды
- Енді түсіндім!
Мынаның қуын қара!
Біртіндеп мына жерден қашып жатыр ғой! - дейтін көрінеді.
"Қазмұнайгаз", "Қазкосмос", "Қазкино"...
Біртіндеп, табанымыздың астындағы жер саудаға түсіп жатса, таңғалмаймыз...
Өмір Шыныбекұлы
Facebook-тегі парақшасынан