БАБАЛАР АҚЫМАҚ, БІЗ АҚЫЛДЫМЫЗ БА?
Дінде жануардың (жандықтың) суретін салу дұрыс емес деп жатады ғой...
Өткенде біраз ескі монеталарды көріп шықтым. Сонда байқағаным, заманында ислам дінін гүлдендірген біздің бабаларымыз – алтынордалықтар мен мәмлүктердің тиындарында жануарлар бейнеленген екен. Міне, мынау Жәнібек (Алтын орда ханы) пен Бейбарыстың (Мәмлүк сұлтаны) монеталары. Бірінде екібасты қыран, екіншісінде барыс бейнеленген. Сонда деймін да, бұлар ақымақ та, біз білімді болып тұрмыз ба, қалай?
Серікбол Хасан
Facebook-тегі парақшасынан