ҰЛТШЫЛДАР НЕГЕ "ФАШИСТ"?
Әлемнің данышпаны "Google"-ге кіріп, "Ұлт" деп іздеп, бір сурет ала қояйын деп едім жарытып қазақ сайттары жақсы бір дүние тауып бере алмады. Содан ақыры екінші ресми тілге салып жазып едім, "Нацист" деп әдейі. Гитлердің суреттері қаптап кетті. Соны формаларын іздеп әбігер болды данышпан. Содан келген ой:
"Ұлтшыл"-дарды билік пен бірен-саран адамдар неге жақтырмай жек көріп, түрмеге тоғытып, көздерін жойып жібере береді десем, олар алдымен орыс тілінде ойланды екен ғой. Қалай ойлайды солай жазады. Ақырында "фашист" болып шыға келеміз. Шерханның "41- жылғы келіншегі" жек көрген сұм соғыстан бері "фашистерді" жау көрген қазақ-орыспыз ғой.
Қысқасы, ең бірінші қазақша ойлай алатыныма, солай жазатыныма қуанып қалдым. Құрметті, ұлшылдар сіздердің кінәларыңыз жоқ. Бар кінә қалай ойлауда екен.
Марғұлан АҚАН
Facebook-тегі парақшасынан