Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 4755 0 пікір 6 Қаңтар, 2016 сағат 10:32

МИЛИЦИОНЕРЛЕР ҮЙЛЕНГЕН ТРАНССЕКСУАЛДЫ СОҚҚЫҒА ЖЫҚҚАН

Интернетте транссексуал мен оның ашынасын соққыға жығып жатқан милиционерлер жайында бейнебаян хитке айналды.

Азаттық радиосының (Өзбек қызметі) Сізден Telegram рубрикасына жіберілген видеода тәшкенттік құқық қорғау қызметкерлерінің жезөкшелер үйінің біріне рейд жүргізілгені көрсетілген.

Онда азаматтық киімдегі шұғыл қызметкер мен жергілікті учаскелік инспектордың жезөкшелер үйінің бір бөлмесіне басып кіргені байқалады. Инспектор транссексуал ер адам мен оның жанындағы тағы бір екі ер азаматты ұрып, балағаттайды.

Кейбір мәліметтер бойынша, рейд өзбек астанасындағы Чиланзар ауданында орын алған. Видеоны рейдтке қатысушылардың бірі түсіріп алған. Видеода әйел киімін киген ер адам құқық қорғау органдары қызметкерлеріне жіберуін өтініп жатыр. «Өтінемін, жіберіңдер, менің отбасым бар», - дейді ол.

Алайда жауап ретінде шұғыл қызметкерлер оны аяғымен теуіп, бетіне пышақ тақап: «Қазір осы түріңмен ішкі істер бөліміне барасың»,- дейді.

Аталған видео құқық қорғау органдары қызметкерлерінің зорлық-зомбылық әрекетін көрсетіп қана қоймай, дәстүрлі емес сексуалды қарым-қатынасқа деген көзқарасын көрсетеді. Өзбекстанда заңға сәйкес дәстүрлі емес сексуалды азшылық заңмен қудаланады. Алайда құқық қорғау қызметкерлеріне сексуалды азшылыққа қарсы қандай да бір күш қолдаунға тыйым салынған. 

Абай-ақпарат

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1465
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3236
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5375