Жексенбі, 13 Қыркүйек 2026
Жаңалықтар 4579 0 пікір 6 Қаңтар, 2016 сағат 10:20

АУҒАНСТАН: ҮНДІСТАН КОНСУЛДЫҒЫНДАҒЫ ОПЕРАЦИЯ АЯҚТАЛДЫ

Ауғанстан билігі Үндістан консулдығы маңындағы террорға қарсы операцияның аяқталғанын мәлімдеді.

Балх Атта уәлаятының губернаторы, операцияны басқарған Мохаммад Нұр Facebook парақшасында бұл ақпаратты растады. Жергілікті полиция басқармасының басшысы Сайед Камал Садат операцияның бір күнге созылғанын, операция кезінде елшілікке шабуыл жасаған төрт адам да қаза тапқанын хабарлады.

3 қаңтар күні Ауғанстанның Мазари-Шариф қаласында Үндістан консулдығы ғимаратында екі жарылыс болғаны туралы ақпарат тараған. Ауғанстан полициясы сол күні шабуылдың беті қайтарылғанын, бірнеше содыр көрші ғимаратқа бекініп алғанын хабарлаған. Оқиға барысында кемінде бір бейбіт тұрғын жараланған. Қаза тапқандар мен жаралылар туралы нақты мәлімет жоқ. Шабуылды ешқандай топ мойнына алмады. 

Абай-ақпарат

0 пікір

Үздік материалдар

Көкжиек

Азаматтық қоғам һәм ғылым мен білім дамуы...

Ахметбек Нұрсила 1123
Білгенге маржан

Париждегі кітап және қазақ даласының тарихы

Өмір Шыныбекұлы 2659
46 - сөз

«Білімге мәжбүрлеу»

Әбдірашит Бәкірұлы 777
Ақмылтық

Көшпендер ойыны құт болсын!

Серік Ерғали 742