Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 4190 0 пікір 5 Қаңтар, 2016 сағат 10:54

ТӘЖІКСТАН АЗАМАТТАРДЫҢ ҚҰЖАТТАРЫНА АПОСТИЛЬ ҚОЮДЫ БАСТАДЫ

Тәжікстанның сыртқы істер министрлігі елдің шетелдік ресми құжаттарды заңдастыруды талап ететін шарттың күшін жоятын Гаага конвенциясына қосылғаннан кейінгі алғашқы республика азаматының құжатына бірінші апостильдің басылғанын хабарлады.

Тәжікстан СІМ ақпарат департаментінің хабарлауынша, алғашқы апостиль 2015 жылы желтоқсанның 30-ы күні Некруз Оймахмадовтың құжатына қойылған.

Сыртқы істер министрлігінің Бас консулдық басқармасының бастығы Бахром Холназаров  тарихи оқиғаның құрметіне алғашқы апостильге ие болған ел тұрғынына құттықтау хатын табыс етті.

Апостиль – бір мемлекеттің ресми құжаттарына қойылатын және консулдық заңдастыру ісін алмастыру есебінде өзге елге берілетін растама мөртабан. Тәжікстан Гаага Конвенциясына 2015 жылы ақпанның 20-да қосылды, ал Конвенцияның Тәжікстан үшін ережесі 2015 жылы қазанның 31-де күшіне енді.

Абай-ақпарат

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1465
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3236
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5371