Сәрсенбі, 2 Сәуір 2025
Жаңалықтар 4345 0 пікір 5 Қаңтар, 2016 сағат 10:51

"ГАЗПРОМ" ТҮРКІМЕНСТАННАН ГАЗ САТЫП АЛУДАН БАС ТАРТТЫ

Ресейдің "Газпром" компаниясы 2016 жылдың қаңтарынан бастап Түркіменстаннан табиғи газ сатып алуды тоқтатады.

Компанияның ресми сайтында бұл туралы "Түркіменгаз" компаниясына ескерту жолданғаны жайлы хабарланды. Ресейлік компания бұл шешімін "дүниежүзілік газ нарығындағы жағдаймен" және "жекелеген экономикалық әрі қаржы мәселелерінің" туындауымен түсіндіреді.

Соңғы жылдары "Газпром" жыл сайын 11 миллиард текшеметрге жуық түркімен табиғи газын сатып алып келді. Өткен жылдың шілде айында Түркіменстанның мұнай және газ министрлігі Ресейдің 2015 жылы "жалғасып жатқан жаһандық экономикалық дағдарыс пен экономикалыық санкциялардың салдарынан " алған газының ақшасын төлемегені туралы мәлімдеген еді.

Түркіменстан бұрынғы КСРО аумағындағы Ресейден кейінгі ірі газ экспорттаушы ел. Ресейден бөлек, бұл мемлекет Қытай мен Иранға газ сатады.

Абай-ақпарат

0 пікір

Үздік материалдар

46 - сөз

Қайраулы қара семсер

Есболат Айдабосын 818
Анық-қанығы

Еуропаға Ресей аумағынсыз шығу жолы

Асхат Қасенғали 3054
46 - сөз

Бізге беймәлім Барақ хан

Жамбыл Артықбаев 2075