Жұма, 15 Мамыр 2026
Жаңалықтар 4794 0 пікір 5 Қаңтар, 2016 сағат 10:36

РЕСЕЙДЕ 9 АДАМ КСЕНОФОБИЯ ҚҰРБАНЫ БОЛДЫ

2015 жылы Ресейде 9 адам ксенофобия мен ұлтшылдықтың асқын түрінен болған шабуылдың құрбаны болған, кем дегенде 68 адам жарақат алған. Бұл туралы «Сова» құқық қорғау орталығына сілтеме жасай отырып "Интерфакс" агенттігі хабарлады. Құқық қорғаушылардың Ресейдің 17 аймағында өткізген зерттеу қорытындысы бойынша ксенофобия мен ұлттық төзбеушіліктен туындайтын зорлық-зомбылық жағынан бірінші орында Мәскеу тұр (3 адам қаза тапқан, 26-сы жарақат алған), екінші орында – Санкт-Петербург (3 адам қаза тапқан, 14-і жараланған). Мұндай қылмыс түрі Мәскеу, Самара және Новосибирь облыстарында да өршіп тұр. Көбінесе Орталық Азия мен Кавказ өңірінің тумалары осындай шабуылға ұшырайды. «Сова» ақпараттық-сараптамалық орталығы Ресейдегі діни төзімсіздік, ксенофобия және ұлтшылдық мәселелерін зерттеумен айналысады.

Нұргелді Әбдіғаниұлы

Abai.kz

 

0 пікір

Үздік материалдар

Әдебиет

Өлген кітаптар

Тұрдыхан Айдарханұлы 2751
Әне, көрдің бе?

Американың қаржылық жүйесін кімдер ұстап тұр?

Бейсенғазы Ұлықбек 1867