Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 3934 0 пікір 5 Қаңтар, 2016 сағат 07:05

ТҮРКИЯ РЕСЕЙ ҮСТІНЕН ДСҰ-ҒА ШАҒЫМ БЕРМЕК

Түрік билігі Ресей экономикалық санкция енгізгені үшін Дүнижүзілік сауда ұйымына (ДСҰ) арыздануға материал әзірлеп жатыр. Бұл жөнінде Daily Sabah басылымына Түркияның экономика министрі Мұстафа Элитас айтқан.

Оның сөзінше, Анкара Мәскеудің ДСҰ ережесін бұзғанын дәлелдейтін құжаттар жинап жатыр. Осы арқылы сотта жапа шеккен компаниялардың құқығын қорғамақшы.

Түркияның экономика министрі саудада «моральдық негіз» болуы керек деп атап өтті. Түркиялық кәсіпкерлер ресейлік үкіметке сеніп, еліне ақша салды,- деді Элитас Ресеймен қарым-қатынасты ауа-райына теңеп, кейде ашық күнге уәде береді, кейде жаңбыр болады, кейде бұлтты болады деп.

Бұлтты кездегі Ресейдің әрекеті халықаралық сауда ережесіне сәйкес келмейді деп мәлімдеді Түркияның экономика министрі.

Ресейдің Түркияға қарсы экономикалық санкциясы 1 қаңтардан бастап күшіне енді. Санкцияға сәйкес, Ресейге түрік көкөністерін, жеміс-жидектерін, құс еттерін кіргізуге тыйым салынған. Мәскеу сонымен бірге құрылыс және туризм компанияларының елінде жұмыс істеуіне тыйым салды.

Екі ел арасындағы қарым-қатынас 2015 жылдың қараша айынан бастап, Сирия шекарасында түрік ВВС ресейлік Су-24 ұшақты атып түсіргеннен кейін күрт нашарлады. 

Абай-ақпарат

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1465
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3236
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5371