Сәрсенбі, 6 Қараша 2024
Білгенге маржан 6767 0 пікір 5 Қаңтар, 2016 сағат 06:36

БАЛА БОЙЫНДАҒЫ ТАЛАНТТЫ АШУДЫҢ 9 СЫРЫ

Кез келген ата-ана баласының ақылды және дарынды болғанын қалағанымен, баланың қабілеті бәрінде бірдей бола бермейді. Тіпті кейбір ата-аналар баланың бойындағы жоқ дарынды қолдан жасағысы келеді. Бұл қаншалықты дұрыс? Назарларыңызға жас өскіннің бойынан байқалған дарынды қалай дамытуға болатыны жайлы кеңестерді ұсынамыз.

1. Бала бойындағы талантты 2 жастан бастап дамытуға болады. Сәби әлемдегі құбылыстарды көру және есту арқылы қабылдайды. Сондықтан айналадағы әрбір құбылысты олардың назарынан қалдырмай түсіндіріп отыруда еріншектік танытпаңыз.

2. Ойыншық таңдағанда ойды дамытуға арналғандарын алуға әрекет жасаңыз.

3. Ойыншықтар баланың жасына сәйкес болсын. Ойды дамытатын ойыншықтармен түске дейін, түстен кейін шығармашылық ойды дамытуға арналғандарын беріңіз.

4. Баламен қарым-қатынас еркін, анық, түсінікті және жылы болсын.

5. Балалар ойнап жатқанда кедергі жасамаңыз. Өз ойы және қиялымен болсын.

6. Оқу және жазуды үйренген кезде ойдан ертегі құрастырып айтып беріңіз. Мүмкін баладан жақсы жазушы шықпасына кім кепіл?

7. Егер балаңыз өзіне не керек екенін анықтай алмаса, түрлі үйірмелерге жаздырыңыз. Спорт, шығармашылық, техника осылар арқылы ол өзінің жолын таңдауға мүмкіндік алады.

8. Жетістіктерін мақтап отыруды ұмытпаңыз.

9. Уақытты көбірек бірге өткізуге тырысыңыз. Оның жан дүниесіне не керек, қиын кезде қалай көмектесу керек? Бұлардың бәрінен хабардар болып отырыңыз. Ата-анасының махаббаты, жылулығы балаға сенім береді.

inform.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1093
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 1877
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 1854