Жұма, 15 Мамыр 2026
Жаңалықтар 4563 0 пікір 4 Қаңтар, 2016 сағат 10:37

САУД АРАБИЯСЫ ИРАНМЕН ДИПЛОМАТИЯЛЫҚ БАЙЛАНЫСЫН ҮЗДІ

Сауд Арабиясы Тегеранның қатаң мәлімдемесінен кейін және Ирандағы сауд елшілігіне жасалған шабуылдардан соң, Иранмен дипломатиялық қарым-қатынасын доғарды.

Шабуыл танымал шииттік уағызшы шейх Намра ан-Нимра мен шииттік ағымның қырық алты өкілі Сауд Арабиясында өлтірілген күннің ертесінде орын алды. Өлім жазасына кесілгендердің бәріне террорға қатысы бар деген айып тағылды.

Сауд Арабиясының сыртқы істер министрі Адель аль-Джубейр Иранмен арадағы байланысты үзуге Тегерандағы сауд елшілігіне жасалған шабуыл себепші болғанын мәлімдеді. Саудиялық министрдің мәлімдемесінде Иранның барлық дипломатына 48 сағат ішінде елден кету бұйырылған.

Abai.kz 

0 пікір

Үздік материалдар

Әдебиет

Өлген кітаптар

Тұрдыхан Айдарханұлы 2736
Әне, көрдің бе?

Американың қаржылық жүйесін кімдер ұстап тұр?

Бейсенғазы Ұлықбек 1854