Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 5031 0 пікір 4 Қаңтар, 2016 сағат 08:59

ЖАНДОС ПЕН НҰРАСЫЛДЫҢ ЕРЛІГІ ЕСКЕРІЛІП, МАРАПАТТАЛДЫ

Жаңа жыл қарсаңында Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрі генерал-полковник Құлмұханбет Қасымовтың бұйрығымен Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланының мақтанышы, әрі батыры сержант Жандос Баянбаевқа алғашқы «лейтенант» офицерлік әскери атағы берілді.  Лейтенаннтық погондарды оған Ұлттық ұлан «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығының қолбасшысы генерал-майор Әлібек Серәлиев жеке өзі табыс етті деп хабарлайды «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығының Баспасөз қызметі.

Айта кетейік, 2014-жылғы 5-желтоқсанда «Алматы-Семей» бағытында сотталғандарды темір жол қарауылымен тасымалдау барысында қарауылшылар Жандос Баянбаев пен сақшы ефрейтор Нұрасыл Мүбараков аса ауыр қылмыстар жасап сотталған азаматтың қарулы шабуылын тойтарды. Қарауыл бастығының көмекшісі сержант Жандос Баянбаев пен сақшы ефрейтор Нұрасыл Мүбараков отты қарудан жарақат алғандарына, өмірлеріне төнген нақты қауіпке қарамастан жауынгерлік қызметін жанқиярлықпен орындап, арам пиғылды қылмыскердің қашып кетуіне жол бермеді.

Көрсеткен ерен ерліктері үшін Қазақстан Республикасының Президенті – Қарулы күштердің Жоғарғы Бас қолбасшысы Нұрсұлтан Назарбаев өз Жарлығымен 7552 әскери бөлімі қарауыл бастығының көмекшісі сержант Жандос Баянбаевты 3-дәрежелі «Айбын» Орденімен, ал сақшы ефрейтор Нұрасыл Мүбараковты «Жауынгерлік ерлігі үшін» медалімен наградтаған болатын.

Абай-ақпарат

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1465
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3236
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5371