Сәрсенбі, 2 Сәуір 2025
Жаңалықтар 4371 0 пікір 1 Қаңтар, 2016 сағат 15:26

ЖАҢА ЖЫЛДА ҚЫРЫМ ЖАРЫҚСЫЗ ҚАЛДЫ

Украина сәрсенбі күні кешке Қырымға электр қуаты жеткізілетін «Каховка-Титан» электр желісін өшіріп тастады.

Севастополь әрбір 3 сағат сайын алма-кезек электр қуатын өшіру кестесін қолдануға көшпек.

Қалада көше шамдары сөндіріледі. Троллейбус бағыттары қосымша такси және автобустармен алмастырылады. Электр желісінің өшуіне байланысты, жарық Қырымның бірқатар ауданында, мысалы Ялтада да жоғалған.

Украин энергетиктерінің дерегінше, электр қуатын өшіруге апат себеп болған. Алайда бұзылған тұс әлі табылмаған. Энергетиктердің екі мәрте электр желісін іске қоспақ болған әрекеті нәтижесіз аяқталды. Мамандар апаттың себептерін іздеуде.

Абай-ақпарат

0 пікір

Үздік материалдар

Азамат

Қайраулы қара семсер

Есболат Айдабосын 448
Болған оқиға

Тілендиев неге Таразидың құлағын қыршып алды?

Төреғали Тәшенов 2103
Анық-қанығы

Еуропаға Ресей аумағынсыз шығу жолы

Асхат Қасенғали 1779
Алтын Орда

Бізге беймәлім Барақ хан

Жамбыл Артықбаев 923