Сейсенбі, 1 Сәуір 2025
Жаңалықтар 4897 0 пікір 1 Қаңтар, 2016 сағат 15:19

БАҒДАТ ТҮРІК ӘСКЕРІНІҢ КЕТУІН ТАЛАП ЕТУДЕ

Ирактың премьер-министрі Хайдер аль-Абади Түркияны елдің солтүстігінде ирак жауынгерлерін «Ислам мемлекеті» содырларымен соғысуға дайындап жатқан әскерін алып кету туралы міндеттемесін орындамай отыр деп айыптады.

Ирактың сыртқы істер министрі Ибрагим аль-Джаафари ел аумағын «түрік әскерінің басып кіруінен» қорғау қажет болса үкіметтің әскери әрекетке көшуге дайын екенін айтып ескертті.

Желтоқсанның басында Анкара Башик ауданындағы жауынгерлер дайындалып жатқан база төңірегіндегі ахуалдың асқынғанын уәж етіп, Иракқа 150-ге жуық әскерін жіберген еді. Кейінірек Түркия әскердің бір бөлігін кері қайтарып алды. Бұл істің әрі қарай да жалғасатынын айтқанымен, Түркия әскерін елден толық шығаруды ойламайтынын білдірген еді.

Абай-ақпарат

0 пікір

Үздік материалдар

Азамат

Қайраулы қара семсер

Есболат Айдабосын 257
Болған оқиға

Тілендиев неге Таразидың құлағын қыршып алды?

Төреғали Тәшенов 330
Анық-қанығы

Еуропаға Ресей аумағынсыз шығу жолы

Асхат Қасенғали 407
Алтын Орда

Бізге беймәлім Барақ хан

Жамбыл Артықбаев 238