ҚҰЛДЫҚ ҰРУ САНАМЫЗДАН АРЫЛМАЙ ӨРКЕНИЕТТІ МЕМЛЕКЕТ БОЛМАЙМЫЗ
Қазақстан Республикасы тәуелсіздік алғаннан бергі ширек ғасыр уақытта қазақ халқымемлекет иесі ретінде әлемдік тарихтағы өз орнын иелеп, рухани өмірінде айтарлықтай өзгерістер болды.
Осы уақыттың ішінде қазақ халқының рухани және материалдық мәдениетін зерттеген нағыз ғылыми еңбектер дүниеге келіп, бұрындары Ресейдің, кейіннен Кеңестік империяның отарлау саясатына оңтайландырылып жазылған жергілікті халықтың тарихын қайта жазылды. Өйткені 300 жылдай билік жүргізген бұрынғы отарлаушылардың алдында құлдық ұрудан ада жаңа ұрпақ та өсіп келеді.
Қазіргі ұрпақтың ұлттық санасының өсуіне қазақ тілді БАҚ айтарлықтай үлестерін қосып келеді. Басылымдарда негізінен, Қазақстанның өткен отарлық кезеңінің бет-бейнесін ашатын факттер жарияланып,жерді отарлау кезеңдері, қазақ халқын орыстандыру, ал Кеңес кезінде – халықты қуғын-сүргінге салып және жекелеген тұлғаларды – өз халқының көсемдерін жойып жібергендігі және оның халқымыздың рухани өміріндегі ауыр зардаптары туралы жазылды. Дегенмен үш ғасырдан аса уақыт өзгеге тәуелді күйде ғұмыр кешкен халықтың санасын құлдық ұру психологиясынан арылту– Қазақстанның тәуелсіздігін нығайту мен ұлттық мемлекетті құру жолындағы басты ісіміз болып қала береді.
Тәуелсіздік алғанымызға ширек ғасырдай уақыт өтсе де бұндай келеңсіз мәселелер неге әлі күнге алдымыздан шыға береді? Оның бірнеше себептері бар. Қазақстан тәуелсіз мемлекет ретінде әлемге мойындалғанменқоғамдық санада отаршылдықтан арылу жүргізілген жоқ, ал отарсыздану – отарлық қанаушылықтан құтылған жергілікті халық үшін міндетті түрде орын алуы тиіс болатын. Екіншіден, ұзақ уақыт бойына сіңіп қалған империялық инстинкттен құтыла алмай жүрген кейбіреулер империялық жүйенің қирағанымен тарап санасқысы келмей әлі де баяғыны көксей беретіні бар. Үшіншіден, әбден бойға сіңген құлдық ұру психологиясының өміршеңдігінен, басшы қазақтардың бір бөлігінде, тәуелсіз Республиканың мемлекеттік мүдделері, жергілікті халықтың ұлттық кадрларын қалпына келтіру мен нығайту мүдделері назарға алынбауда. Бұл – тәуелсіз мемлекет құрушы ұлттың мүдделеріне және мемлекет идеологиясына қайшы әрекеттер, басқа түк емес.
КСРО құлап, оның орнына пайда болған 15 тәуелсіз мемлекеттің бәрі де дербес ұлттық саясат жүргізе бастағаны жасырын емес. Жаңадан құрылған жас мемлекеттер саяси-экономикалық және мәдени тұрғыдан дербестікке ұмтылып, өздерінің концепсияларын, бағдарламаларын жасады. Бұл тұрғыдан алғанда Президент НҰрсұлтан Назарбаев басқарған тәуелсіз Қазақстан Республикасы да өз мемлекеттігін нығайту жолында үлкен қадамдар жасады. Әлем мемлекеттері тәуелсіз Қазақстанды мойындап, жас мемлекет БҰҰ-ға мүше болды. Мемлекеттік рәміздерін қабылдады, мемлекеттік шегарасын, қазақ тілін мемлекеттік тіл ретінде заңмен бекітті. Бір сөзбен айтқанда, еліміз құқықтық-демократиялық даму жолына түсіп әлемдік саяи және экономикалық үдерістерде өз орнын иелей бастады. Соның арқасында бүгінде, ішкі және сыртқы саяси-экономикалық жағдайымыз тұрақтанды, мемлекеттік тілдің қолданылуы мен дамуында көптеген табыстарға жеттік деп айта аламыз. Алайда біз мемлекеттік саясаттың құрамдас бір бөлігі болып табылатын ұлттық кадр дайындау мәселесіне келгенде – әлі ақсап жатқан сияқтымыз. Бұл кемшілік барлық салада жоқ емес, дегенмен мен өзім білетін, мамандығыма тікелей сәулет саласына қатысты мәселені ұлт қоғамына білдіру.
ҚазАТУ-да қазақтың еңбегі ескерілмейді...
Өкінішке орай, бізде әлі күнге жергілікті ұлт өкілдерінен барлық салада білікті маман дайындау ісі – керітартпалыққа ұшырап отыр. Мысалы мен – маман және өз сөзіне жауап бере алатын адам ретінде Ұлттық кадрларды дайындауға қызығушылық түгілі бар мамандардың өзін шетқақпай қылудың көріністері бүгінде РеспубликасыРеспубликасыСәкен Сейфуллин атындағы Қазақтың агротехникалық университетінде (ҚазАТУ) көрініс тауып отыр деп батыл айта аламын. Бұл жағдайда кейбір мәселелердің (елемеушілік, пікіріңмен санаспау) менің жеке басыма да аздап қатысты болғандықтан баяндауға мәжбүрмін.
Осыдан төрт жыл бұрын, 2011 жылдың қыркүйегінде Астана қаласына барған кезімде мен ҚазАТУ-дың мұражайында болып, ол жерде мені бұл оқу орнының құрылуы мен дамуы тарихынан алып тастағанын көрдім. Педагогтардың суреттерінің ішінен мен өз бейнемді көрмедім, еш жерде менің аты-жөнім де жазылмаған, Целиноградтың ауылшаруашылық институтының сәулет факультетінде мен мүлдем болмаған сияқтымын. (ЦАШИ– ҚазАТУ-дың бұрынғы аты). Осы ақылға сыймайтын факт туралы мен ректор Айтбай Булашовқа кіріп, жоғарыдағы жағдайлар бойынша өз ойымды айтып, бұл оқу орнына өзімнің қатыстылығым жайында мыналарды айтқан едім.
1975 жылы мен, сәулет ғылымының кандидаты деген ғылыми дәрежем бар екеніне байланысты, ЦАШИректоры М.А.Гендельманның шақыруы бойынша, сәулет кафедрасын, кейін факультетін ашу үшін келгенмін. Мені шақырғанға дейін ЦАШИ-да жерорналастыру факультетінде 1965 жылдан бастап сәулет бөлім болған. Жерорналастыру педагогтарынан білім алған «ауыл сәулеті» деп аталатын түлектер екі рет ұшырылыпты. Ректор А.Булашовқа өзімнің 1975-80 жылдары ЦАШИ-да жаңадан ашылған сәулет кафедрасының меңгерушісі болғандағы еңбегім туралы және кейін сәулет факультеті ашылғаны туралы айтып бердім. Жас сәулетшілер мен сәулет-ғалымдарды даярлаудағы оқу, оқу-әдістемелік, ғылыми процесске қосқан үлестерімді де айттым. Мені ҚазАТУ-дың сәулет факультетінің тарихынан алып тастаудың себебі туралы, оған бір ғана адамның – ҚазАТУ сәулет факультетінің деканы Алла Александровна Корнилова кінәлі екенін айттым. Ректор А.Булашовке, А.А.Корнилова, жерорналастыру факультетінің алғашқы қарылғаштарының бірі бола отырып, сәулетші деген атаққа формальды түрде ие болып, ЦАШИ-да сәулетшілер даярлау бойынша педагог болып шыға келгенін түсіндірдім. Даңғой, кәсіби тұрғыдан жолы болмаған, ең бастысы, сәулетші болуға деген табиғи дарыннан жұрдай А.А.Корнилова мансаптық тұрғыдан өсуі және өзінің даңқын арттыру үшін мені С.Сейфуллин атындағы ҚазАТУ тарихынан сыздырып тастаған.
Ректор А.Булашов, менің айтқандарымды тыңдап шығып, А.А.Корниловамен сөйлесіп, менің атымды ҚазАТУ мұражайында қалпына келтіруге маған уәде берген болатын. Содан бері төрт жыл өткенімен, баяғы жартас сол жартас күйінде қалды...
Қасақана елемеудің астарында не жатыр?
Биылғы жылдың мамыр айының аяғында менің ЦАШИ-дағы (ҚазАТУ) бұрынғы студенттерім мен әріптестерім 2015 жылдың 25-26 маусымында «сәулет» мамандығының ашылғанына 50 жылдық мерейтой болатынын туралы маған ескертті. Олар маған шақыру жіберілетінін және Алматы-Астана поезына барып-қайту билетінің құны төленіп қойылатыны туралы да айтты. Мен олардың шақыруларын қуана-қуана қабыл алдым, 35 жыл өтсе де менің студенттерім, өзім ұшырған қарлығаштарым, әріптестерім мені ұмытпай Астана қаласында өтетін «Тұңғыш Халықаралық Сәулетшілер Форумы» деп аталатын кездесуге шақырып жатса, қалайша қуанбассың. Бірақ бір аптадан соң олар маған осы «Форумды...» бас ұйымдастырушы декан А.А.Корнилованың маған шақыру билетін және жол жүру билеттерін беруден бас тартқанын хабарлады. Дегенмен, маған іні болып келетін әріптестерім шақырту мен жол жүру құнын өз мойындарына алатындары туралы айтты.
Алматы қаласынан мен 8(7172) 39-39-18 телефон номеріне Астана қаласына, ҚазАТУ ректоратына қоңырау шалдым. Тұтқаны бірінші проректор Айтжан Абдиров көтерді. Мен оған ҚазАТУ-да болғалы жатқан «Форум...» туралы қысқаша айтып беріп, оған мені декан А.А.Корнилова шақырудан бас тартып жатқанын ескерттім. Проректор А.Абдиров маған жол ақымды университеттің төлемейтінін, ал менің аты-жөнім оған таныс еместігін айтып, келіп жатсаңыз маған кіріп шығыңыз деді. «Форум…» басталудан бір күн бұрын 24.06.2015 мен ҚазАТУ-ға келіп, проректор А.Абдировке жолықтым. Осыдан төрт жыл бұрын бұрынғы ректорға ауызша айтқанымның бәрі де далаға кеткенін есепке ала отырып, мен қазіргі ректор Ақылбек Күрішбаевтың атына жазылған хатымды алып келдім. (кіріс №ЖТ-К-12 24.06.2013) қосымшаны қараңыз-4 бет.
А.Абдиров менің хатымды барлық қосымшаларымен бірге қабылдап алып, ректормен сөйлесуге уәде берді, мен «Форумда…» 25.06.15 ж. ҚазАТУ-дың акт залында маған сөз беруін сұрадым. Менің сөзім А.А.Корнилованың кім екендігін көрсету болып кететін болар деп ойламауы үшін, көтеретін мәселелерімнің тізімін көрсеттім. Бұлар мынандай еді:
1. Оқу процессіне Целиноград фарфор зауытының, силикат кірпіш пен керамика зауытының шығармашылық тапсырыстарын орындау бойынша пәндерге енгізу.
2.«Жалаңаш адам» тақырыбы бойынша «сурет» пәні бойынша бағдарламасын орындау.
3. Студенттермен бірге ғылыми мақалалар жазылғаны туралы.
4. А.Ш.Чиканаевтың диссертациясының тақырыбын өзгерту мен оны Мәскеу сәулет институтында қорғаудағы өзімнің үлесім туралы.
5.Кафедра қызметкерлерінің біліктілігін арттыру туралы.
6. ЦАШИ сәулет факультетінің педагогтары қаладағы жоғары оқу орындары арасындағы көркемдік шеберлер байқауына табысты түрде қатысуы туралы.
7. Сәулет -танысу тәжірибесінен өтудің аймағын кеңейту туралы.
Бірақ А.Абдиров мені алдап кетті – маған конференцияда сөз берілмеді, мен оның 8-701-730-15-70 ұялы телефонына қоңырау шалдым, бірақ ол жауап бермеді. Алматы қаласына қайтып келген соң, мен оған 30.06.2015 жылы сағат 10:30-да қоңырау шалдым. Бірақ, мен оған өзімнің кім екенімді айтқан кезімде, ол телефонын өшіре салды. Қайтадан қоңырау шалғанымда, телефонын көтермей қойды, қабылдау бөлмесіндегі хатшысы да жауап бермей қойды. Содан бері алты ай өтті, менің хатыма жауап әлі күнге дейін жоқ. Ректор А.Күрішбаев пен проректор А.Абдировтың декан А.А.Корнилованың алдындағы құлдық ұруы заңды орындаудан да күшті болып шықты. Менің хатыма олар бір ай мерзімінде жауап беруге тиіс болатын.
Аты бар заты жоқ «Форум...»
Ал енді «Тұңғыш Халықаралық Сәулет Форумы» деп аталатынның жұмысы туралы айтар болсақ, ұйымдастыру комитетінің төрағасы ҚазАТУ ректоры А.К.Күрішбаев, орынбасары декан А.А.Корнилова болды. 25.06. күнгі пленарлық отырыстың модераторы А.К.Күрішбаев болды. Бағдарламада сөйлейтіндер 18 адам деп көрсетілді: 6 – құттықтау сөз айтатындар, 12 – баяндамашылар. Көрсетілгендердің 7-і жоқ болып шықты. Ресейден, Өзбекстаннан, Әзербайжаннан, Қырғызстаннан келуі тиіс баяндамашылар да жоқ болып шықты. Ал Германия мен Польшадан А.А.Копп пен В.И.Гармидер дегендер келіпті. Бұлар менің ректор А.Күрішбаевқа 24.06.2015 ж. жолдаған хатымда көрсеткен этникалық немістер болатын. Олардың екеуі де Қазақстанды КСРО ыдырағаннан кейін тастап кеткен болатын.
«Форум…» конференциясының мазмұны «ғылыми-практикалық» деген атауына сәйкес болмады. Біріншіден, барлық баяндамалар дерлік сараптамадан, сәулет ғылымнан, оқыту әдістерінен, практикалық маңыздан жұрдай болды. Мысалға, В.И.Гармидердің «Лодзидің дамуының жоспарлау және қала құрылысы аспектлері» (Лодзь – Польшадағы қала) деген тақырыптағы баяндамасын алалық. 1. Қала құрылысы аспектлері жоспарлаусыз болуы мүмкін емес. 2. Ұзаққа созылған міңгір баяндамада ешқандайда ғылым болған жоқ. 3. Қазақстан қалаларының сәулетіне ұштастыру да болған жоқ. Бұл ҚР үшін ешқандай да құндылығы жоқ лақпа баяндама болды. Екіншіден, А.А.Корнилованың «С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық униварситеті сәулет мектебінің қалыптасуы кезеңдері» деген баяндамасы оның қалыптасуын сапалық жағынан талдау жасалмастан жәй ғана тізбектеп шығу ғана болды. Үшіншіден, ауыл сәулеті туралы бірде бір баяндама болмады, Қазақстанның ауылдарын да ұмыт қалдырды. ЦАШИ-да осыдан 50 жыл бұрын негізі қаланған «ауыл сәулет» мамандығын ҚазАТУ-да баяғыда-ақ жерлеп тастаған болып шыққаны екен. Төртіншіден, тыңдалып шығылған баяндамалар бойынша модератор А.Күрішбаев тарапынан берілген не кәсіби бағалау, не пікір айтылмады. Сәулет оның ғылымынан ауылы алыс, ауылшаруашылығы мамандығын ғана игерген ректор осы конференцияны жүргізбесе де болар еді. Оның үстіне, «Қазақ хандығы кезіндегі сәулеті мен қала құрылысы» деген тақырыпта С.С.Жанболатовтың жасаған баяндамасынан соң ол өзінің білімсіздігін көрсетіп: «бара-бара Шыңғысханды да қазақ қылып алар бұлар», – деп мысқылдады. Ал бұл ғылыми-практикалық конференцияның талабына сәйкес келетін жалғыз-ақ баяндама болатын, оның үстіне елімізде қазақ хандығының құрылғанына 550 жыл толуын атап өтетін жылы бұл баяндама өзекті болын шығып та еді. Бесіншіден, бірде бір құттықтау сөз айтылмады, қазақтың, мемлекеттің тілінде бірде бір баяндама жасалмады. Осылайша, өзі қазақ бола тұра А.Күрішбаев – «Форумның…» ұйымдастыру комитетінің төрағасы, өзінің космополит екендігін көрсетіп алды, өз халқының тілін сатып кетті деп айтуға да болады. Төрағаның орынбасары А.А.Корнилова, орыстығын көрсетіп, Қазақстанның тәуелсіздігінің 25-ші жылында қазақ тілін қаперіне де алмады. Алтыншыдан, конференцияларға қатысқандарға медальдар, грамоталар, дипломдар тарату кезінде оған ие болып жатқандардың қандай үлес қосқандары туралы айтылмады. Ең бастысы – ғылыми-практикалық конференцияның көрсеткіші – ҚазАТУ сәулет факультетінің ғылыми, оқу, әдістемелік жұмыстары жарияланған стендтің болмағаны.
Осылайша, конференцияның жүрдім-бардым ұйымдастырылуы салдарынан – түскі асқа жасалынған үзілістен соң ҚазАТУ-дың атшаптырым акт залында бар-жоғы 25-30 адам ғана қараңдап қалды. Сол күнгі сағат 15:00-ге және 17:00-ге жоспарланған фильмнің тұсаукесері мен Дөңгелек стол сол беті өтпей қалды.
Екінші күні, 26.07.2015 жылғы жоспарланған «Форумның…» шаралары – сәулет жобалар мен нысандардың көрмесі, салтанатты кешкі ас Астана қаласындағы Тәуелсіздік Сарайында өтті. Жоспарланған – қалаға экскурсия жасау,тағыда сол дөңгелек стол – өтпей қалды.
Көрмеде ЦАШИ-дің сәулет факультетінің дарынды түлектері жасаған бірқатар нысандар болды. Бірақ мен ЦАШИ-дің немесе ҚазАТУ-дың түлегінің жобасы бойынша салынған бірде бір ауылды көрмедім. Студент В.А.Заварина жасаған, кішігірім ауылдың маңындағы дағарадай саябақтық аймақтың жобасы ұсынылды. Жетекшісі сәулет докторы, профессор А.А.Корнилова екен. Бұл формалды түрде үшбұрыш пен дөңгелек пішіндегі көгалдандырудан тұратын, үйлері бір тізіммен ғана орналасқан қасындағы ауылмен еш қабыспайтын тым үлкен саябақ ауылдың сәулеті қандай болмауы керек екенінің үлгісі болып табылады (1-сурет). «Президенттік саябақтың кіші орынборы» кварталдық кешенінің жобасы да шындықтан тым алыс, атүсті жасалына салған (2-сурет).
Тәуелсіздік Сарайында да С.Сейфуллин атындағы ҚазАТУ-да ауылдық сәулет мамандықтың «туғанына» 50 жыл болғанына қатысты қандай да бір шығарылым ілінген стенд те болған жоқ. Төбесінде қар күресіні бар Қазақ драматеатрынан театрдың да, қазақтың рухының да «иісі» шықпайды (3-сурет).
Салтанатты кешкі ас бір актер – А.Корнилованың театры сияқты болды. Поп-музыка даңғырлап тұрды. Қазақша айтылған сөзді, қазақтың ән-күйін өз басым естімедім. Менің бұрынғы студенттерім А.Корниловадан маған сөз беруді сұрады. Бірақ ол маған сөз беруден бас тартты...
Жұрттың бәрі ыңғайына жығылған А.А.Корнилова кім және оның сәулетшілігі қандай?
Оның қандай кәсіби маман екендігі маған ЦАШИ-дің сәулет факультетінде бірге жұмыс істеген 1975-80 жылдарынан белгілі. Теориялық сабақтар, яғни ауыл сәулеті бойынша Алла Александровна Корнилованың лекция оқығанын, оның әдістемелік немесе ғылыми баяндамалар жасағанын ешқашан естіген емеспін. 5 жыл бойы ол бірде бір рет ашық лекция, болмаса ашық практикалық сабақтар өткізген жоқ. Факультетте алқалы түрде бірде бір рет А.А.Корнилованың жетекшілігімен жасалынған курстық жобалардың сапасы мен бағасы және студенттердің жобалары бағасы талқыға салынған жоқ. Студенттер оның берген біліміне қанағаттанбайтын. А.А. Корнилова қолына карандаш та ұстай алмайтын деп айтса да болады. Бұған өзімнің көзім жетті. Көрсетілген жылдары мен кафедра меңгерушісі бола отырып, сәулет факультетінің педагогтары үшін көркемсурет пен сурет салудан сабақ өткізуді ұйымдастырдым. А.А.Корнилова бұл сабақтарға бірде бір рет қатыспады… Содан бері 35 жыл да өте шығыпты.
А.А.Корнилованың «Время Астаны» газетіне берген сұхбатын(№ 2, 25 маусым 2015 ж) оқысаңыз оны әсірелеп, асыра бағалаған жөнсіздікті байқар едіңіз. «Альма-матер зодчих» деген айдарда А.А.Корнилованың кім екендігі жазылыпты. Бұл жерде оның көптеген қоғамдық ұйымдарда мүше екендігімен, атақ-даңқтарымен қатар: «А.А.Корнилова 150-ден астам ғылыми еңбектер жариялаған, оның жетекшілігімен сәулет бойынша 20 шақты кандидаттық және магистрлік диссертациялар қорғалған», - деп жазылыпты. Бір ғана А.А.Корнилованың жазғандарынан-ақ «Форумда...» бір стенд жасауға болатын. Бірақ ондай стенд АТУ-да да, Тәуелсіздік Сарайында да болмады. Неліктен?
А.А.Корнилова «Қазақстан Республикасы ғылымын дамытуға қосқан үлесі үшін және ҚР Құрмет грамотасы» кеуде белгісімен марапатталған. Қандай ғылым үшін? А.А.Корнилова 1992 жылдан қазіргі кезге дейін сәулет факультетінің деканы, яғни 23 жылдан бері. Декан болып «ұзақ өмір сүруінің» сыры неде? А.А.Корнилова сәулетші болып табылмайды. Оның берген сұхбатынан, сонау 1965-72 жылдары сәулет бөлімде оның ұстаздары жерорналастырушылар, экономистер болғанын біле аламыз. Бұл «Ауылдық жерлер мен тұрғылықты мекендерді жобалау» кафедрасының меңгерушісі М.Д.Спектор болатын. Ол сәулеттен мақұрым адам ретінде курстық және дипломдық жобалауларды жүргізді. Соның жетекшілігімен, А.А.Корнилованың басым айтуы бойынша, сәулет бөлімде алғашқы ғылыми мақалалар жарияланған. А.Корнилова алғашқылардың ішінде бірде бір кәсіби сәулетші -педагогтың болмағаны туралы үндемей қалады. ЦАШИ студент- сәулетшілері әртүрлі одақтық конкурстардан жеңіппаз болып оралғандарында М.Д.Спектордың зор үлесі болды деп өтірік айтып отыр.
Біріншіден, бұл конкурстар емес, КСРО жоғары оқу орындарының дипломдық жобаларыныңбайқауы ғана болатын. Ұсынылған жобалар I-дәрежемен, яғни «үздік»,II-дәрежемен – «жақсы», III-дәрежемен– «қанағаттанарлық», IV-дәрежемен –«қанағаттанарлықсыз» болып бағаланатын. Менің өзім бірнеше рет осы көрсетулердің қатысушысы және жас сәулетшілердің дипломдық жұмыстарын бағалау бойынша комиссия мүшесі де болғанмын. Дондағы Ростов қаласында 1975 жылы А.А.Корнилова ұсынған ЦАШИ-дің дипломдық жұмыстары III-дәреже, тіптен, егер қателеспесем, IV-дәрежеге ие болды.
Екіншіден, сәулет білімі мен бейімділігі жоқ экономист жетекшілік жасаған дипломдық жоба жас сәулетілердің бүкіл одақтық конкурсында жеңіппаз атануы, дені дұрыс адамның санасына кірмейді.
Үшіншіден, бұл әртүрлі конкурстар емес, ол бірыңғай жыл сайынғы дипломдық жобаларды бағалау бойынша өткізілетін байқау ғана болатын. А.А.Корнилова КСРО-ның әркелкі қалаларында өткізілетін бірыңғай байқауды өткізуді, «әртүрлі конкурстар» деп әдейі шатастырып отыр.
Осы газетте «Сәулет әулеті» деген тақырыпта А.А.Корнилова толайым отбасылық әулеттің туып келе жатқаны туралы мақтанышпен жазады(?). А.Корнилованың ойынша сәулет дарын табиғаттың құбылысына қарамастан, тұқым қуалайды екен. Ол өзінің екі қызының да анасы жұмыс істеп жүрген университеттің сәулет факультетін 1999 және 2004 жылдары бітіргенін. Кіші қызы Е.М.Хоровецкая – сәулет кандидаты, РһD докторы екенін айтады. А.А.Корнилова балалары өз шешесінің факультетін бітірген. ЦАШИ -дің бұрынғы студенттерднің 10-нан астам аты-жөндерін атап шығады. Аталғандардың ішінде бірде біреуі қазақ емес. Неліктен? Өйткені А.А.Корнилованың пайымдауынша, тек қана қазақтарда дарын тұқым қуаламайды. А.А.Корнилованың сәулет мен лекторлық шеберліктен жұрдай екендігі оның «Время Астаны» деген газетке «жасырын» түрде берген жауабынан айқын көрініп тұр. Сәулетщі деуге келмейтін В.И.Светличнийдің сәулет ауылы тым алыс театральдық шоуға айналатын лекциялары, оның ойынша, дәйексөз келтіремін «факультеттің қызметіне конструктивизм мен экономикалық негіздеме енгізген» (?) екен.
А.А.КорниловаҚазақстан Республикасы Конституциясын қаперге де алмайды. Ол Қазақстан халықтарының тарихы мен дәстүрлерін құрметтейтіні туралы жалған айтып отыр.
Біріншіден, Қазақстан Республикасы – унитарлық мемлекет, ал бұл дегеніңіз, бұл мемлекеттің жергілікті халқы біреу-ақ – бұл қазақтар. Ал қалғандары диаспора болып табылады, оның ішінде орыстар да.
Екіншіден, А.А.Корнилованың өмір сүріп және гүлденіп отырған жердегі халықты сыйламайтыны, бұл оның қазақтарды өзінің жерінде ЦАШИ-дің, кейін ҚазАТУ-дың сәулет факультетінде педагог болып жұмыс істеуге жібермей, ұлы державалық шовинизм танытуынан көрінеді. Бұл факт – оншақты жылдардан бері сәулет қазақтардан педагогтар шықпауынан көрініс табады. Ал егер ондайлар бар болса, онда олар өзінің ұлттық намысы мен қадірін қорғай алмайтын орыс болып кеткен қазақтар. А.А.Корнилова сәулет факультетінде педагог болып жұмыс істеуге мүмкіндік бермеген менің бұрынғы лайықты да дарынды студенттерімнің аты-жөндерін атаймын. Бұл – Шолпан Өтенова, қазір сәулет кандидаты, көп жылдардан бері Ресейде «Росреставрация»фирмасында жұмыс істейді. Серік Құлмешкенов, суретші-график, АҚШ-та өмір сүріп жатыр. ГүлнарӨтешова – өзге жоғары оқу орынының ғылыми атағымен алдыңғы қатарлы педагог.Гүлзия Исенова қазір Астана қаласындағы Қазақстан Республикасындағы ең үздік балалардың көркем-сурет мектебінің директоры. Дарынды қазақтарға деген А.А.Корнилованың өшпендігі зор екендігі соншалық, ол мерейтойға өзімен бір қалада тұратын, өзінің шәкірті болып табылатын Г.Исенованы да шақырмады. Айтып кеткен Сағындық Жанболатов (ректор А. Күрішбаевқа да хатымда бар ) Астананың бас дизайнер лауазымдыққа жеткен. Тәуелсіздігімізге 25 жылдығына арналған монументке Қ.Р.конкурысынан, 2-ші орынға ие болды.
Ал өткен 35 жыл бойы қаншама дарынды қазақтардың А.А.Корнилованың кесірінен сәулет факультетінің педагогы бола алмай қалғанынбір құдайдың өзі біледі. Ол жағы маған беймәлім.
А.А.Корнилованыңосындай кадр саясатын жүргізуінің бір себебі, ол өзінің түкке де тұрғысыз жан екенін, алған атақ-даңқтарына лайықты емес екендігі қазақ-педагогтар тарапынан әшкереленіп қалуынан қорқуы. Бір сөзбен айтқанда, А.А.Корнилова 50 жылдан бері өзі су ішіп отырған құдыққа түкірумен келеді.
А.А.Корнилованың өзін-өзі әшкерелеп беретін сұхбат туралы әрі қарай айтудың мәні жоқ. Бірақ ең бастысы туралы – ЦАШИ-да, кейіннен С.Сейфуллин атындағы ҚазАТУ-да сәулетшілерді тыңғылықты даярлау туралы сұралық. Кәсіби доктор А.А.Корнилованың ауыл сәулеті нағыз ғылымы қайда? А.А.Корнилованың 50 жыл бойы даярлаған ауыл архитекторлары салған бір ауыл бар ма? Берілген сұхбатта бұл сұрақтарға жауап таппайсыз.
А.А.Корнилованың кеудесіне нан піскені туралы тағы да бір факт.Бұл тек қана өзінің «жетістіктерін» тізбектеп шығу, С.Сейфуллин атындағы ҚазАТУ сәулет факультетінің дамуына тек қана жалғыз А.А.Корнилова үлес қосқан екен. (Бұл мерейтойға арнап шығарылған «Жоғары сәулет білімге – 50 жыл» деп аталатының кітапта 3,3.1 бөлімінде жазылған. Алматы 2011 жыл).
Сонда қуыскеуде ханым қалайша құдайдың құдыретіне айналған? Бұл мәселеде қойылуы тиіс сұраққа қысқаша ғана жауап:
- А.А.Корнилованың алдында қазақ-ректорлардың құлдық ұру психологиясының өміршеңдігінен. Бұл құлдық ұру А.А.Корнилованың факультет деканы ретінде көрсетілген әрекеттеріне тосқауыл бола алмады және жазасыз қалуына алып келді.
- 18.00.04 «Қалақұрылысы, аудандық жоспарлау және ауылдық тұрғын мекендерді жоспарлау» мамандығы бойынша А.А.Корнилованың өте нашар кандидаттық диссертациясын қорғауы кездейсоқтық болып табылады.
- А.А.Корнилованың Бішкек қаласында 2004 жылы 18.00.01 «Сәулет теориясы мен тарихы, сәулет мұраларды жаңалау мен қайта жасау» деп аталатын мүлдем басқа мамандық бойынша докторлық диссертациясын қорғап шығуы –қисынға симайды. А.Корнилованың басқа ғылыми мамандықты тез меңгере қоятындай ғылымда соншалықты алғыр емесін білеміз. Оның ғылымға ұқсастау келетін қойыртпағын Бішкек қаласындағы диссертациялық Кеңес онша қиналмай «жұта салып», доктор дәрежесін бере салды.
Осы Кеңес туралы екі ауыз сөз, шамамен 10 жыл бұрын мен Қырғызстанда көз жұма салған, Қазақстанның ЖАК-да қайтадан бекітілуі тиіс сәулет бойынша докторлық диссертацияға рецензия жасаған болатынмын. Ол (диссертация) кандидаттықтың талаптарына да сәйкес келмеді. Автор, диссертацияның авторефератында, фактілерді тізіп шығудытұжырымдар ретінде көрсеткен. Ол кешенді құрылысты сәулет ансамбльден ажырата алмайды және тағы с.с. Сәулет ғылымындағы масқара туралы өз рецензиямды мен ҚР ЖАК төрағасы А.Кусаиновқа көзінше айттым. Ол объективті түрде қарастырамыз деп уәде берді. Дегенмен, менің түсінігімше, «сыбайлас жемқорлық – тәртіптің төресі» болып тұрған кезде масқара диссертацияның докторлық дәрежесі біраз уақыттан соң ҚР ЖАК-да қайтадан бекітіліп шыға келді. А.А.Корнилова да дәл осындай жолмен сәулет докторы және профессор болғанына күмәнім жоқ десем де болады. Тек ол ғана емес. Факт ретінде – ҚР ЖАК-і таратылып жіберілді, оның функциясы ҚР БҒМ құрамына берілді. Бірақ бұл жерде де ғылыми дәрежелерді беру сол үйреншікті күйде жүре берді. Сондықтан да мемлекет басшысы ҚР-да диссертация қорғауды мүлдем жойып жіберді.
- С.Сейфуллин атындағы ҚазАТУ сәулет факультетінің түлектері жұмысқа орналасқан жобалау ұйымдардың, фирмалардың, мекемелердің үнсіздігі. Ал «мәпеленген» басшылар – жұмыс берушілерА.А.Корнилованың ыңғайына жығылып, ұстанымдарынан айырылуда.
- С.Сейфуллин атындағы ҚазАТУ-да сәулетшілер даярлаудың сапасын тексеру бойынша кәсіби, бірбеткей, сатылмайтын ҚР БҒМ комиссиясының жоқтығы.
- Қазақстан Республикасы Сәулетшілер одағы тарапынан жас сәулетшілер -түлектерді кәсіби даярлау бойынша декан А.А.Корнилованың әрекеттеріне қатысты принципсіз және немқұрайлы қатынас...
Тұжырымдар
Қазақстанның тәуелсіздік алғанына ширек ғасыр болғанына, ҚР астанасын оңтүстіктен солтүстікке ауыстырғанын оншақты жыл өткеніне, Астана қаласының тұрғындарын қазақтармен қолдан толтырғанына қарамастан жергілікті халықтың санасын егемендігімізді нығайтудың қажет екендігін қалпына келтіре алмадық. Өткен кеңестік империяның өнімі болып табылатын қазіргі Жоғарғы билік осы күнге дейін сол империяның саясатының жетегінде кетіп отыр. С.Сейфуллин атындағы ҚазАТУ-дың көрсетілген басшылығы, осы биліктің қойған адамдары ретінде, өз халқының мүдделерін сатып жіберушілер болып табылады, өйткені олар декан А.А.Корнилованың шовинистік әрекеттерін толықтай қолдап отыр. Бұл сатқындық ректорлар А.Булашов, А.Күрішбаев, проректор А.Абдиров ондаған жылдар бойы А.А.Корниловаға дарынды сәулетші-қазақ түлектерді, халықтың өкілдері ретінде, өз жерінде және өз Отанында педагогикалық жұмысқа жібермей отырғанына жол беріп қойғандарымен де тереңдей және шиелене түсуде. «Тұңғыш Халықаралық Сәулет Форумы» деп аталатын ҚазАТУ-да сәулетшілерді даярлаудың 50 жылдығы өзінің атымен де, нысанымен де, мағнасымен де Форумға мүлдем ұқсамайды. Бұл оны басты ұйымдастырушылар – ректор А.Күрішбаевтың, декан А.А.Корнилованың кәсіби және интеллектуальдық деңгейі өте төмен екендігін көрсетеді. 25-26 маусымда дөңгелек столдарды өткізуден бас тартудың өзі-ақ А.А.Корнилованың кәсіби тұрғыдан түкке алғысыз екендігін көрсетеді. Ол еркін пікірлер алмасудан, пікірталас тудырудан ауылын аулақ ұстауға тырысады, яғни алдын ала дайындалмаған әңгімелерден қашқақтайды. 26.06.2015 жылы өткен кешкі астың үстінде менің әріптестерімнің (бұрынғы студенттерім) сұраулары бойынша да маған сөз бермеуі – бұл оның осы «Форумда...» бет пердесінің ашылып қалуынан қорыққаны. А.А.Корнилованың атақтары, мансаптары оның ішінде халықаралық, ғылыми дәрежелеріндегі барлық жетістіктері ҚР ғылым және білім Министрлігі тарапынан жіберіліп отырған толықтай бақылаудың жоқтығынан және немқұрайлылығының нәтижесі болып табылады.
Бұл бақылауды орнатудың қиындық тудыратынын атап өту керек, өйткені сәулет білім мен ғылым алаяқтардың қолына түскен. Осы алаяқтардың көбісі архитектура мамандығынан хабарсыз, ҚР сәулет білім берудің барлық жүйесінің білім ошақтарына еніп алған таланты жоқ архитекторлардан тұрады. (менің «Сәулетке де ұлттық концепция керек» деген мақаламды қараңыз, «Экономика» газеті, № 4, 24-30 қантар 2013 жыл).
Сәулетшілер одағының, ҚР жобалау ұйымдарының басшылары осы алаяқтардың арбауларына түсіп қалған. Алаяқтардан әртүрлі құрметті атақтар, дәрежелер және басқа марапаттар алып алғаннан кейін осындай басшылық ауызын буған өгіздің күнін кешіп отыр.
ҚР Конституциясы негіздеріне сәйкес, ҚР тәуелсіздігінің нығаюына, мемлекеттік тіл болып табылатын қазақ тілінің шынайы тұғырға тұруына, ҚР-дың әлемдегі әлеуметтік-экономикалық жағынан дамыған және өркениетті мемлекеттердің қатарына тұруы үшін, баяндалғандар мен тұжырымдарға сүйене отырып, мынындай ұсыныстар жасалады.
А.Булашовты, А.Күрішбаевты, А.Абдировты, А.Корнилованы атқарып отырған қызметтерінен алып тастауды. Олардың неліктен қызметтерінен алынып тасталғандары туралы ҚР-дың барлық БАҚ-тарында жариялануы тиіс. Алғашқы екеуіне кафедраны меңгеруді де сеніп тапсыруға болмайды, ал А.Корнилованы сәулет факультетінде педагог болудан аластату керек. А.Корнилованың сәулет факультетінде педагог болуға лайықтылығын, оның ғылыми дәреже мен атақтарын алуын, оның шамамен 20 шақты кандидаттар мен магистранттарды даярлаудың сапасын тексеретін сатылмайтын, кәсіби комиссия құру керек. Ал құрметті атақтар мен дәрежелерді оны таратқан адамдардың ұятына қалдырамыз.
- С.Сейфуллин атындағы ҚазАТУ сәулет факультетінің барлық кадрлық құрамын толықтай жаңарту керек, онда тек қана нағыз педагогтар мен нағыз ғалымдар ғана қалуы тиіс.
- ҚазАТУ-да сәулетшілерді даярлауда оқу-әдістемелік, ғылыми, тәрбиелік жұмыстарды, біздің мемлекеттің қалыптасуына сәйкес, қайта қарап шығу керек.
- Көрсетілген фактлердің шын екендігін және объективті шаралар қолдану үшін комиссия құрамына ҚР жоғарғы оқу орындарындағы аттары аталған алаяқтарды және ҚР қоғамдық және жобалау ұйымдарының мәпеленген басшыларын мүлдем қоспау керек. Бұл мәселе арнайы талқылауды талап етеді. Мен сәулет білім берудегі «авгий ат қорасын тазартып шығу» бойынша комиссияның мүшесі болуға дайынмын және оған кәсіби де моральдық тұрғыдан да құқығым бар.
Төлеубек ҚАРАМЕНДІ,
сәулет ғылымының кандидаты, профессор.
Қазақстан Республикасы Сәулетшілер және Журналистер
одағының мүшесі
Abai.kz