Сенбі, 19 Қыркүйек 2026
46 - сөз 6251 0 пікір 24 Желтоқсан, 2015 сағат 13:10

ҚАРЫЗ АЛ, ҰЯЛМА, ҰЛ-ҚЫЗЫҢ ТӨЛЕЙДІ

Ұлттық Қорда қыруар қаржы тұрғанда бюджеттің жыртығын жамау үшін Азия банкінен бір миллиард доллар қарыз алдық...

Келешек – қиялда,
Берешек көбейді!
Қарыз ал! Ұялма!
Ұл-қызың төлейді!

Жаның тіл ұшында,
Бітеме көмейді!
Қарыз ал! Қысылма!
Немерең төлейді!

Жат жұртты дана гөр,
Жарылқа өгейді.
Қарыз ал! Ала бер!
Шөберең төлейді!

Ұрпағың – келерің,
Жүр қарыз арқалап.
Төлейді төлерін...
Жақсылап қарғап ап!

Әміржан Қосанов

Facebook-тегі парақшасынан

0 пікір

Үздік материалдар

Көкжиек

Азаматтық қоғам һәм ғылым мен білім дамуы...

Ахметбек Нұрсила 1321
Білгенге маржан

Париждегі кітап және қазақ даласының тарихы

Өмір Шыныбекұлы 2890
46 - сөз

«Білімге мәжбүрлеу»

Әбдірашит Бәкірұлы 975
Ақмылтық

Көшпендер ойыны құт болсын!

Серік Ерғали 906