Солтүстік Корея кезекті мәрте зымыран тасығыш сынады
Пхеньян ядролық зарядтарды тасымалдаушыларды жасау жұмыстарын жалғастыруда.
АҚШ-тың Азия мен Тынық мұхитындағы базаларына дейін ұшып бара алатын зымыран тасымалдаушы ұшырылғаннан бірнеше секундтан соң құлаған. Солтүстік кореялық әскерилер бір тәулікте екінші рет орташа қашықтыққа ұшатын "Мусудан" баллистикалық зымыранын сынақтан өткізуде сәтсіздікке ұшырады. Reuters мұндай зымырандардың үш мың шақырымнан астам жерге ұшып жететіні туралы хабарлайды.
Екі бірдей сәтсіз сынақ 6 мамырда өтетін билік басындағы Еңбек партиясының съезі қарсаңында болды.
Мұның алдында "Мусудан" зымыраны 15 көкекте сыналған. Ол КХДР іргесін қалаушы Ким Ир Сеннің туған күнінің құрметіне арналған. БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесі сынақ сәтсіз өткеніне қарамастан Пхеньянға санкциялар қолдануы мүмкін екені туралы ескерткен.
Солтүстік Корея ядролық қаруды 2006, 2009 және 2013 жылдары сынақтан өткізді. Соңғы мәрте биылғы жылдың қаңтарында Пхеньян сутегі бомбасын сынағаны туралы мәлімдеген.
Абай-ақпарат