Трамп Ресей және Қытаймен жақындасуға ниетті
Трамптың сөзінше, АҚШ-тың Ирак, Египет және Ливияға қатысты саясаты аймақтардың хаосқа тап болуына әкелді.
АҚШ президенттігіне Республикалық партия атынан үміткер Дональд Трамп егер президент болып сайлансам, ең бірінші Ресей және Қытаймен қарым-қатынасты жақсартамын деп мәлімдеді.
Трамп бұл жөнінде Вашингтонда 27 сәуірде сөйлеген сөзінде айтты. Оның пікірінше, Құрама Штаттар мен Ресей арасында түсінбеушілік бар болса да, Мәскеумен бұл салқындықты әлсіретуге болады. Ол президент болса Құрама Штаттар әлемге тек ғана америкалық қызығушылықтармен қарайтынын да жеткізді. Трамп Ресей және Қытаймен ортақ қызығушылықтар үшін жақындасуға барын салатынын атап өтті.
Абай-ақпарат