Жұма, 11 Қыркүйек 2026
Деп жатыр 9687 0 пікір 26 Сәуір, 2016 сағат 12:48

НАЗАРБАЕВ ТУРАЛЫ "ЖҰЛДЫЗДАР ТОҒЫСҚАНДА" ФИЛЬМІНІҢ ТРЕЙЛЕРІ ШЫҚТЫ

Ғаламторда Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев туралы "Жұлдыздар тоғысқанда" ("Так сложились звезды") фильмінің бесінші бөлімінің трейлері шықты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Картина кинотеатрлардан 28 сәуірде көрсетіле бастайды.


Сюжет бойынша, ағылшын жазушысы Джереми Вильсон Нұрсұлтан Назарбаевтың өмірбаянын жазу мақсатында онымен кездесуге тырысады. Дегенмен сұхбат мемлекеттің құрылуы туралы ертегіге айналады. Журналист Нұрсұлтан Назарбаев еске алған оқиғалардың куәсі болады.

Президент туралы фильмнің бесінші бөлімін ресейлік режиссер Сергей Снежкин түсірді. Ал Нұрсұлтан Назарбаевтың ролінде бесінші бөлімде Берік Айтжанов ойнайды, алдыңғы бөлімдерінде Президент болып Нұрлан Әлімжан ойнаған болатын. Тұңғыш Президенттің қыздарының ролін қазақстандық актрисалар - Қарлығаш Мұхамеджанова мен Динара Бақтыбаева сомдайды.


Сонымен қатар, картинадан Хью Фрейзер, Алтынай Нөгербек, Игорь Угольников, Сергей Гармаш, Дарья Мороз, Алексей Гуськов, Алдабек Шалбаев, Азамат Сатыбалды, Ғани Құлжанов, Еркебұлан Дайыров, Жанель Мақажанова, Ричард Кордери мен Стивен Пейсиді көруге болады. Фильмнің түсірілімі Қазақстан мен Ресейде өтті.



Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Көкжиек

Азаматтық қоғам һәм ғылым мен білім дамуы...

Ахметбек Нұрсила 1081
Білгенге маржан

Париждегі кітап және қазақ даласының тарихы

Өмір Шыныбекұлы 2633
46 - сөз

«Білімге мәжбүрлеу»

Әбдірашит Бәкірұлы 756
Ақмылтық

Көшпендер ойыны құт болсын!

Серік Ерғали 726