Жұма, 22 Қараша 2024
Жаңалықтар 4781 0 пікір 31 Наурыз, 2016 сағат 11:02

МӘСКЕУДЕ "ЭКСТРЕМИЗМГЕ ҚАТЫСТЫ КҮДІКТІЛЕР" ҰСТАЛДЫ

Ресейлік БАҚ Мәскеуде полиция қызметкерлерінің экстремистік ұйымдарға қатысы болуы мүмкін деген күдікпен жиырма шақты адамды тұтқындағанын хабарлады.

"Интерфакс" агенттігі "жалған құжаты бар Түркия азаматтарының ұсталғаны" туралы хабарласа, құқық қорғау органдарындағы дереккөзіне сүйенген РИА Новости ұсталғандардың Ресейде тыйым салынған "Ислам мемлекеті" террорлық ұйымының жақтастары екенін жариялады. Агенттіктің дерегінше, тұтқындалғандар Мәскеуде "экстремистік топ үшін жаңа адамдар табу және үгіттеумен" айналысқан.

Мұның алдында Петербург соты қала тұрғыны Сергей Яблоковты Ресейде террористік деп танылып, тыйым салынған "Хизб ут-Тахрир" ("Исламдық азат ету партиясы"), ұйымының ұяшығын басқарды деген айыппен 12жарым жылға соттады.

Abai.kz

 

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1462
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3229
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5315