Жұма, 22 Қараша 2024
Жаңалықтар 5044 0 пікір 31 Наурыз, 2016 сағат 11:00

ПЕНТАГОН: АҚШ ШЫҒЫС ЕУРОПАҒА ӘСКЕРИ ҚОЛДАУ КӨРСЕТУІ КЕРЕК

АҚШ қорғаныс министрлігі Шығыс Еуропаның Литва, Латвия, Эстония, Польша, Румыния және Болгария секілді елдерінде төрт мыңдық сарбазын орналастыруды көздейді.

Бұл елдерге сонымен бірге танктер, жаяу әскердің "Брэдли" саутты көлігі, "Паладин" өздігінен жүретін гаубицалар - ұзын саны 250 дана бронды техника жеткізіледі. Америкалық Wall Street Journal басылымына берген сұхбатында АҚШ қорғаныс министрінің орынбасары Роберт Уорк АҚШ-тың бұл өңірдегі әскери күштерін көбейтуге ең алдымен, Ресейдің басқыншылық саясатының асқынғанына алаңдаған Шығыс Еуропа елдері Вашингтонның өздерін қорғауға дайын екеніне сенімсіздік білдіре бастағаны себеп болғанын мәлімдеді.

Еуропаның шығысындағы америкалық әскери күшті ұлғайту жоспары 2017 жылдың ақпанында жүзеге асуы тиіс. Оған дейін жоспар АҚШ Конгрессінің мақұлдауын күтеді.

Пентагон Еуропаға беретін әскери көмекке кететін шығынды ұлғайту жоспарын биыл ақпанда ұсынған. Солтүстікатлантикалық одақ Ресей Қырымды басып алғаннан кейін, Шығыс Еуропадағы қару-жарақ көлемін өсіре бастады және осы өңірдегі альянсқа мүше қуатты Батыс елдерінің әскерін алмастырып тұру тәртібін енгізді.

Abai.kz

 

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1462
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3229
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5313