Сенбі, 23 Қараша 2024
46 - сөз 4966 0 пікір 16 Наурыз, 2016 сағат 10:23

ТӘУЕЛСІЗБІЗ БЕ?

Біз тәуелсіз мемлекетпіз деп көкірегімізді қағамыз, мақтануға келгенде алдымызға жан салмаймыз. Ертеректе сөз болған еді, біздер Ресеймен ортақ әуе кеңістігі болады деп, оған бірен саран білетін мамандар болмаса көпшілік мән бермеген еді.

Бүгін бір жігітпен әнгімелесіп тұрып мынандай xабар естідім, оның бір жақын туысы көлік апатына ұшырап, омыртқасы қатты зақымдалады, Приозерскадан тез арада Қарағандыға апарып шұғыл операция жасату керек болады, ара қашықтығы ұшақпен жарты ақ сағат. Астанадағы туыстары тез арада ЧС-nың бастықтарымен сөйлесіп, Қарағандыға алып бару үшін ұшақпен апаруға келісімін алады. Біз өз елімізде отырып, ұшатын ұшаққа Москвадан рұқсат сұрап xабар береді. Москва жарты сағата ұшып апаратын жерге бір күннен кейін барып рұқсатын береді. Ауыру адам бір күн Москваның рұқсатын күтіп ұшақтың жанында жатады. Осы жағдайды көріп отырып біз қандай тәуелсіз елміз деген ой келеді.

Егер Жириновскийдің айтқанындай, Украиинадан соң Қазақстанды қолға аламыз дегеніндей Ресейде жаман ой пайда болса, біздің шаруамызды әуе кеңістігі өз қолында болған Ресей екі-ақ сағаттың ішінде шешетіні белгілі. Бұндай келісімге кім қол қойды? Бұндай ең маңызды мәселелерді xалықтың келісімісіз кім өз мойынына алды? Уақыт өтеді, бірақ жауап беретін кез ерте ме, кеш пе келетіні анық. Сол кезде азғана уақыт раxаттанып креслода отырған уақыты мұрнынан шығатынына сенбейді ме екен. Бұндай уақиғаларды ұлттық сатқындық деп бағалану керек.

Хайрулла Ғабжалилов

Facebook-тегі парақшасынан

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1490
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3257
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5534