Жексенбі, 22 Желтоқсан 2024
Білгенге маржан 8770 0 пікір 29 Ақпан, 2016 сағат 12:33

АЛАШ АВТОНОМИЯСЫН ҚҰРУҒА ЖОЛДАНҒАН ХАТ ТАБЫЛДЫ

Көшірме N 6127.

Мәскеу. Халық Комиссары Сталинға

21/4-18 ж

Телеграмма (жеделхат)

Шұғыл. Мәскеу. Халық Комиссарлар  Кеңесінің Төрағасы Ленин мен Халық Комиссары Сталинға.

Қырғыз (қазақ) автономды облысының мәселесі қырғыз (қазақ) халқының өмірі мен өлімі арасында тұр. Комиссар Сталинның екінші сәуірде жолдағаны бойынша қырғыз халқы арасында сабыр пайда бола бастаған еді. Бірақ Кеңес ұйымдастырушылары  халықтың негізгі құқын таптап, жергілікті қырғыз халқын қудалауды тоқтатпай отыр. Олардың мүшелері қырғыз халқына келісімге келмейтін қарама –қайшылықты (антагонизм) үдетіп жатыр. Бұл толқу мен бүліктің алдын алып, ұйымдастырушылық жұмыстарды қолға алып, мына өртті дереу сөндіру керек. Бүкіл қырғыз халықтық Кеңесі қырғыз халқының еңкеймейтін еңсесіне қызмет ете отырып, қызғыз автомиясын құру  идеясы жолындағы барлық мүмкіндікті қарастыруды  өзінің борышы санайды. 3 сәуірдегі жолданымына жедел жауап күтеді. Алашорда. Төраға орынбасары.Ғаббасов.

Дереккөз:Сұлтан Хан Аққұлұлы  мақаласынан алынды

«alauinform.com»,

№ 6-7 (582-583), 12-25.02.2016 г.

Abai.kz

 

 

0 пікір

Үздік материалдар

46 - сөз

Тибет қалай Тәуелсіздігінен айырылды?

Бейсенғазы Ұлықбек 1963