Сейсенбі, 22 Қыркүйек 2026
Қоғам 7298 0 пікір 26 Ақпан, 2016 сағат 15:03

УКРАИНШЕ САЙРАҒАН СААКАШВИЛИДІ ПРЕМЬЕРЛІККЕ ҰСЫНДЫ

Украина Жоғарғы Радасы елдің премьер-министрі қызметіне Одесса облысының губернаторы, Грузияның экс-президенті Михаил Саакашвилиді ұсынды. Бұл туралы украиналық және ресейлік БАҚ жарыса жазуда.

- Украина Радасындағы «ұлттық фронт» коалициясы мен «Самопомощь» фракциясы премьер-министр қызметіне Одесса облысының губернаторы болып қызмет етіп жүрген Михаил Саакашвилиді ұсынбақ,-дейді фракцияның вице-спикері Егор Соболев.

«Біз президент Петр Порошенко мырзаға үш адамның кандидатурасын ұсынбақшы болғанбыз. Олардың ішінде екі шетел азаматы және бүгінде Украина азаматы атанып үлгерген және украин тілін жетік меңгерген Михаил Саакашвили мырза бар»,-дейді Соболев.

Естеріңізде болса, Одесса облысының губернаторлығына Украина президенті Петр Порошенконың тікелей пәрменімен тағайындалған Михаил Саакашвили былтыр Украина азаматы атанған еді. Украина азаматы атанған бір жылдың ішінде Михаил Саакашвили украин тілін еркін меңгеріп, саяси мінберлерде мемлекеттік тілде баяндамалар жасай бастаған.

Гүржі еліндегі нөмірі бірінші билікті тапсырған соң лауазымды шенеунік қызметіне шақырған украин халқына ықыласын Саакашвили мырза осылай көрсетіп жатыр.

Енді міне, Украина Жоғарғы Радасында депутаттар Михаил Саакашвилиді премьер-министр етіп тағайындауды ұсынуда.

P.S. Ал біздің еліміз Тәуелсіздік алған ширек ғасырда Қазақстан Үкіметін басқарған тұлғалардың бірді екісі болмаса, өзгесі мемлекеттік тілден мақұрым. Солардың ішінде қызметтік карьерасы ұзаққа созылған Кәрім Қажымқанұлының мемлекеттік тілге шорқақтығын айта-айта шаршадық. Алайда, қазақ тілін бір күні үйрентін шығар деп жүргенімізде Кәкең – Кәрім Қажымқанұлы қытайша сөйлеп кетті.

Нұргелді Әбдіғаниұлы

Abai.kz 

0 пікір

Үздік материалдар

Көкжиек

Азаматтық қоғам һәм ғылым мен білім дамуы...

Ахметбек Нұрсила 1362
Білгенге маржан

Париждегі кітап және қазақ даласының тарихы

Өмір Шыныбекұлы 2948
46 - сөз

«Білімге мәжбүрлеу»

Әбдірашит Бәкірұлы 1015
Ақмылтық

Көшпендер ойыны құт болсын!

Серік Ерғали 954