Жұма, 22 Қараша 2024
Жаңалықтар 4973 0 пікір 25 Ақпан, 2016 сағат 15:11

ӘЗЕРБАЙЖАН РЕСЕЙГЕ НОТА ЖІБЕРДІ

Әзербайжанның сыртқы істер министрі Ресей Арменияға 200 миллион АҚШ доллары көлемінде қару мен әскери техника сату туралы келісім күшіне енді деген ақпаратқа байланысты ресми Мәскеуге нота жіберді.

Азаттықтың Әзербайжан қызметінің хабарлауынша, бұл жөнінде Әзербайжанның сыртқы істер министрі баспасөз қызметінің жетекшісі Хикмет Гаджиев хабарлаған.

Нотада Әзербайжан Армения қару-жарақты таулы Қарабах аймағын басып алу үшін жұмсайтыны айтылған әрі бұл жөнінде халықаралық ұйымдарға да айтып, дабыл қағып келе жатқанын ескерткен.

"Арменияға әскери қару-жарақ жеткізу кикілжіңді өршітпесе, шешпейді", – деген Хикмет Гаджиев.

Абай-ақпарат

 

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1463
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3230
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5321