ДИМАШ ӘЙЕЛДЕР МЕРЕКЕСІ КҮНІ МӘСКЕУДЕ ӘН САЛАДЫ
Әнші Димаш Құдайберген Кремльде өтетін Халықаралық әйелдер күніне арналған мерекелік кеште өнер көрсетеді деп хабарлайды "Аөтөбе" газетінің тілшісі.
— Мәскеуден арнайы хабарласып, мерекелік концертте өнер көрсетуімді ұсынды. Келістім. Алайда, әзірге қандай ән айтатыным белгісіз. Бір немесе екі ән айтатын шығармын. Ешкіммен дуэт орындамаймын, жеке ән айтамын, — дейді Димаш.
Халықаралық әйелдер күніне арналған мерекелік шара жыл сайын дәстүрлі түрде өткізіліп келеді. Tengrinews.kz сайтының хабарлауынша, оған Валерий Меладзе, Николай Басков, Иосиф Кобзон, Леонид Агутин, Анжелика Варум, Кристина Орбакайте, Сергей Лазарев, Игорь Николаев, Лев Лещенко сынды ресейлік танымал өнер жұлдыздары қатысады. Димаш Құдайбергенов те осындай мықтылармен бірге Кремль сахнасында тұрып, барша аналарды төл мерекесімен құттықтамақ.
Abai.kz