Сенбі, 23 Қараша 2024
Билік 4546 0 пікір 8 Шілде, 2016 сағат 08:52

К.МӘСІМОВ: БІЗГЕ ЕЛБАСЫМЕН БІРГЕ БАҚУАТТЫ ҚАЗАҚСТАНДА ӨМІР СҮРУ БҰЙЫРДЫ

Өзінің жұмыс сапары барысында ҚР Премьер-Министрі Қызылорда облысы Жақсықылыш ауылының тұрғындарымен аймақтағы өзекті мәселелерді және перспективаларды талқылады, - деп хабарлайды Baq.kz.

Ауыл тұрғындарымен кездесу кезінде Кәрім Мәсімов: «Әрбір адамның өмірі маңдайына жазылған тағдырымен байланысты. Біз бен сіздерге Елбасымен бірге Тәуелсіз әрі бақуатты Қазақстанда өмір сүру бұйырған екен. Біз мұнда Президенттің тапсырмасымен, сіздердің проблемаларыңызды шешу үшін қуана келдік, бұл жерде талқыланған мәселелер шешілетін болады», - деді.

Кездесу жергілікті Мәдениет үйінде өтті. Мұнда Премьер-Министр ауыл тұрғындарымен аймақтың дамуына қатысты өзекті мәселелерді, атап айтқанда, ауыл кәсіпкерлігін мемлекеттік қолдауды, агроөнеркәсіптік кешенді дамытуды, жастарды жұмысқа орналастыру мен ел аймақтарында әлеуметтік инфрақұрылымды жақсартуды талқылады.

Еске салайық, 7 шілде күні Кәрім Мәсімов Қызылорда облысына жұмыс сапарымен барды. Осыған дейін Премьер-Министр Байқоңыр қаласында болып, қаланың дамуының Бас жоспарымен танысты.

Аbai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1472
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3248
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5434