Назарбаев: экономика "қуатты сыртқы қысымның" құрсауында қалды
Назарбаев мемлекеттік индустриализациялау бағдарламасын орындау барысының алғашқы жарты жылдық қорытындысына арналған кеңесте осындай мәлімдеме жасады, деп хабарлады "Интерфакс - Қазақстан" ақпарат агенттігі.
Назарбаев елдегі экономикалық белсенділік "кең көлемді мемлекеттік қолдау мен инвестициялар" арқасында сақталып тұрғанын айтып өтті. Президенттің сөзіне қарағанда, республика экономикасы тап болған "жаңа сын-тегеуріндерге" байланысты индустриализациялау бағдарламасына түзету енгізу керек.
"Қазір біздің экономиканы жандандырудың жаңа тетіктерін қалыптастыру қажет болып тұр. Соған байланысты алдағы жылдары үкімет күшін экспорт бағытындағы артықшылығы бар бірқатар салаға – азық-түлік өндірісі, металлургия, машина жасау, агро және мұнай химиясына жұмылдыру қажет", — деген Назарбаев мәлімдемесін "Интерфакс - Қазақстан" таратты. Президент "шикізатты экспорттаумен ғана шектелмей, қайта өңдеу өндірісін" дамыту қажет екенін айтып, сыртқы нарыққа тауар шығаруды қолдауға арналған іс-шаралар жиынтығын дайындауды үкіметке тапсырды.
Абай-ақпарат